«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

ҚР-да 3 ай қатарынан сауда өсімінің төмендеуі байқалады

2016 жылғы 28 Наурыз
10226 просмотров

ҰКП Жиынтық талдау департаменті ҚР-дағы 2016 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша сауда ахуалы туралы деректерді ұсынды

Соңғы бірнеше жыл ішінде сауда қазақстандық экономика өсімінің басты қозғаушы күштерінің бірі болып есептелген. 2010 жылдан 2014 жылдың аралығында ЖІӨ өсімі сауда секторы есебінен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ сауда халықты жұмыспен қамтуда да орасан зор ықпал етеді, 2015 жылы сала 1,2 млн. адамды жұмыспен қамтыған, басқаша айтсақ, бұл Қазақстандағы жұмыспен қамтылған барлық тұрғындарының 14%-ын құрайды.

Дәл сауда айналымдары көптеген дамыған елдерде экономиканың болжамды индикаторы ретінде қолданылады, себебі тұтынушылық белсенділіктің төмендеуі экономикалық өсім қарқындарының түсуіне әкелетін елеулі факторлардың бірі болып табылады.

Ішкі сауда көтерме және бөлшек сауда болып бөлінеді. Осы күні көтерме сауда басым болып, осылайша 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында ол сауданың жалпы көлемінің 68%-ын құраса, бөлшек сауда тиісінше 32%-ды құраған (2015 ж. қорытындысы бойынша көтерме сауда – 72%, бөлшек сауда – 28%). Қазақстанның көтерме саудасының шамамен 40%-ын қатты, сұйық, газ тәрізді және дизельді отын, бензин, өңделмеген мұнай, керосин мен металлдар саудасы құрайды. Қазақстанның ішкі сауда құрылымындағы тауарларды санаттарына қарай жіктейтін болсақ, азық-түлік тауарларының үлесі басым келеді (70%-дан жоғары).

Соңғы 14 айдың ішінде сауда өсімі біршама бәсеңдеп қалды. Сонымен бірге, қатарынан 3 ай бойы сауда ісінде өсімнің терістігі байқалады (салыстырмалы түрде, 2009 жылы бұл көрсеткіштің төмендеуі 11 ай бойы байқалған).Өткен жылдың осы кезеңімен салыстыстырғңанда, 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында сауда айналымы 6,3%-ға қысқарған.

 
 

Қазақстанда көтерме-бөлшек сауда үлесіне барлық тіркелген заңды тұлғалардың 29%-ы (олардың ішінде 99,4%-шағын, 0,5%- орта және 0,2% ірі кәсіпорындар) және тіркелген жеке кәсіпкерлердің 40%-ы тиеді (2016 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша деректер).

5 сурет. Өңірлерге қарай 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы сауданың көлемі, млрд. теңге


Еншілес ұйымдар

Серіктестер