«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнестен айыра жаздаған арақашықтық

2016 жылғы 02 Маусым
- Қостанай облысы
9005 просмотров

Федор ауданында санитарлық дәрігерлер салттық агенттіктің тамырына балта шаба жаздады

Жарты жыл бойы кәсіпкер өз бизнесінің қоршаған ортаға зиян тигізбейтіндігін дәлелдеп бақты.

Федоровка ауылындағы салттық қызметтер агенттігін Валерий Зинченко тоқсаныншы жылдары ашқан. Қиын-қыстау кездері отбасын асырау керек болған және ауылда да мұндай қызмет түрі болмаған. Ол бос жер телімін тауып, оны сатып алып, шағын ғимарат тұрғызады. 1996 жылы толықтай құжаттарды рәсімдеп, былтырғы жылдың соңында тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі аудандық басқарманың қызметкерлері тексеріп келгенге дейін жиырма жылға жуық уақыт бойы заң аясында жұмыс жасаған.

Валерий үшін тексеріс нәтижелері күтпеген жайт болған. Ол бойынша, бизнесменге ғимаратты жауып, оған қоса жүз мыңнан астам теңгеге тең айыппұл төлеу туралы ұйғарым келген. Себебі, санитарлық аймақ бұзылған болып шықты. Жаңа талаптарға сәйкес, бейіт немесе жерлеу мақсатындағы нысандар мен тұрғын үйлер арақашықтығы елу метрден кем болмауы керек. Ал аудан орталығында болса, кез келген бизнес орны қол созым жерде орналасқан.

«Бұл ережелер 2015 жылдан бастап әрекет ете бастаған. Алайда, мен жиырма жылдан бері жұмыс жасап келемін, оның маған қатысы қанша? Оған қоса, менің жасаған ескерткіштерімнің, ұсынатын көлігімнің айналадағыларға қандай қаупі бар? Мұның барлығы құжаттарға мұқият қараған адамға түсінікті,  көзді жұмып алып, тек ұйғарым бойынша әрекет етуге болмайды ғой. Менің мойнымда осы ғимаратты кепілдікке қойып алған несием тұр, егер бірнәрсе дұрыс болмаса, маған оны бермес еді ғой», – деп ренішін білдірді Валерий Зинченко.

Десек те, агенттікке құлып салып, жұмысшыларды ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болған. Несие қарызы арта түсіп, оны мерзімінде төлеу мүмкін болмаған. Кәсіпкер несие тарихын бұзып алғандықтан, енді банктерден көмек күте алмайтынын айтып қынжылады.

«Тексерушілерден ашықтан-ашық салттық қызметтер бойынша ол санитарлық аймақ қайда сақталатынын көрсетіңізші, деп сұрайтын болдым. Бұдан кейін маған Кәсіпкерлер палатасында мен заң қабылдағанға дейін тіркелгенімдіктен, жаңа ережелердің маған қатысы жоқ екенін айтты. Олар сотқа арыз жазуға кеңес берді, мен солай істедім. Мамандар өте жіті жұмыс жасап, құжаттарды даярлады және барлық сот процестеріне қатысты», – дейді бизнесмен.

Нәтижесінде, Палата филиалы сарапшыларының қолдауымен, қаулы қайта қаралып, сот арызды қанағаттандырған.

Қазір Валерий Зинченко бизнесін қайта ашу үшін шешімнің заңды күшіне енуін күтіп отыр. «Мен Кәсіпкерлер палатасына көрсеткен көмегі үшін, проблемамды шешіп бергені үшін алғысымды білдіремін», – дейді кәсіпкер.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер