«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Доширак» – 100% отандық бренд!

2016 жылғы 17 Маусым
- Қостанай облысы
12006 просмотров

Рудныйлық фирма «Доширак» сауда белгісіне Қазақстанда иелік ету құқығын жеңіп алды

Отандық өндіруші мен ресейлік жеткізушілер арасындағы ұзақ уақытқа созылған тайталасқа Астана сотының апелляциялық алқасы нүкте қойды. Белгілі брендке біздің елде иелік етудің айрықша құқығы үшін туындаған дау екі жыл бұрын, қазақстандық өндірушілерге оңтүстіккореялық «Paldo Co.ltd» компаниясынан шағымдар келіп түскеннен соң басталды. Фирма «Доширак» сауда белгісінің үш әлемдік құқық иеленушісінің бірі және сонымен аттас өнімдерді бірқатар елдерге, соның ішінде Ресей Федерациясына да жеткізеді.  

Белгілі тауар брендін  2002 жылы  "Stone financial Enterprises ltd" компаниясы тіркеген, ол кейіннен иелік ету құқығын Қостанай облысы Рудный қаласындағы «Доширак-Қазақстан» ЖШС-на табыстаған. 2012 жылы осында елдегі тез даярланатын кеспе шығаратын алғашқы зауыт құрылды. Өнім үлкен сұранысқа ие болып, бұл көршілес елдерге экспортты жолға қоюға мүмкіндік берді. Қазақстандық өндірушілердің айтуынша, бұл бәсекелестердің шамына тиген.

«Біздің серіктестер бізді өндіруші ретінде мойындағысы келмеді және Ресей Федерациясына тауар жеткізгенімізді көре алмады. Қазақстанда олардың қуаттылығы жоқ, өнім Ресейде шығарылады, яғни олар, біз өз өнімімізді шығарғанға дейін импортпен айналысып келді. Бірақ біз өз тарапымыздан еш уақытта Ресейден келер тауарлардың еркін импортына кедергі келтірмегенбіз», – дейді «Доширак-Қазақстан» компаниясының басшысы Азамат Нұрғазин.

Бастапқыда-ақ дау сотқа дейінгі орындарда, Қазақстан Әділет министрлігінде қаралды. Алайда шығарылған шешім отандық құқық иеленуші пайдасына қарай шығарылды да, оңтүстіккореялық компания шағым айтып, Астана мамандандырылған экономикалық сотына барып жүгінген.

«Осы уақыт ішінде кеңес берген «Атамекен» Ұлттық палатасының көмегімен біз бұл процесті жеңіп шықтық. Апелляциялық алқаның шешімі бар, ол бойынша біз «Доширак» маркалы кеспені Қазақстанда шығаруға және ТМД елдеріне сатуға толық құқылымыз», – деп мәлімдеді Азамат Нұрғазин.

Ол, сонымен бірге, «Доширак» кеспесі рудныйлық зауытта тек отандық ингредиенттерден жасалатынын және бүгінгі күні өндірістің шоғырлану үлесі 90%-дан асатынын атап айтты.

«Біз тек отандық шикізатты, біздің қостанайлық ұнды ғана пайдаланамыз, қорапты Лисаковск қаласынан тапсырыспен алдырамыз, қосалқы өнімдер де тек қостанайлық өнімдерден. Яғни, сатып алушы табиғи, отандық өнімді пайдаланып отырғанына сенімді бола алады», – деп түйіндеді Нұрғазин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер