«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Дұрыс таңдау жасалды

2015 жылғы 27 Мамыр
- Қостанай облысы
18352 просмотров

Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов салтанатты жағдайда Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыстады.

Елбасы атаған бизнесмендердің әрқайсысы республикалық, облыстық, аудандық сайлауалды штабтары құрамына кіреді. Олардың арасында «Костанайский Мелькомбинат» АҚ директоры Александр Микетка, «Костанайские минералы» АҚ бас директоры Ербол Нұрқожаев, «Диевская» Агрофирмасы» ЖШС директоры Олег Даниленко, «К.Маркс атындағы» ЖШС басшысы Иван Вечтейн, «ЕвразКаспианСталь» ЖШС атқарушы директоры Сергей Сотников, сондай-ақ Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов бар. 

Бұның алдында, Меценаттар клубының мерейтойлық сыйлықтарымен марапаттау салтанаты аясында, Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаты Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры Василий Розиновқа табысталған болатын.  

«Палата үшін, және де жалпы бизнес үшін бұл жасаған жұмысты ерекше, құрметпен бағалау. Өңірлік кәсіорындар басшылары сайлауалды штабтарының жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен ат салысты, «Атамекен» ҰКП «Әркімнің дауысы маңызды» арнайы акциясына дайындықпен үн қатты. Президент сайлауының кәсіпкерлік сектор болашағына да қатысы бар маңызды оқиға екеніне саналы түрде түсіністікпен қарады» - деп атады Мұрат Әбенов.

«Атамекен» ҚР ҰКП «Әркімнің дауысы маңызды» акциясы Қазақстан Респкбликасы Президентін кезектен тыс сайлау қарсаңында халықты сайлауға белсенді түрде қатысуға үндеу мақсатында бастамаланған болатын. Шамамен 350 отандық компания, сонымен бірге жиырмадан астам қостанайлық компания өз өнімдеріне арнайы стикерлер жапсырса, фирма басшылары еңбек ұжымдарымен және халықпен бірқатар кездесулер өткізді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер