«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Абырой қорғалып қалды

2015 жылғы 17 Маусым
- Қостанай облысы
15566 просмотров

«Арқалық ТЭК» МҚК фирманы заңсыз түрде жосықсыз мердігер деп танытуға тырысты. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы сотта оның абыройын қорғап қалуға көмектесті.

«Алтын Тау-НЧ» ЖШС 2014 жылғы қараша айында жиырма жылдан астам уақыт бойы әрекет етпеген Қараторғай су таратқышын демонтаждауға тендер жеңіп алады. Тапсырыс беруші «Арқалық ТЭК» коммуналдық кәсіпорны болды. Бөлінген сома 52,5 млн. теңгені құрады. Жұмыс мерзімі жыл соңына дейін белгіленеді. 

Фирма демонтаждауға кіріскен кезде кей жерлерде құбыр диаметрінің шартта көрсетілгеннен үлкенірек екені анықталады, ал бұл оларды алып тастап тасымалдауға қосымша уақыт пен шығынды қажет етеді. Жылу компаниясы мердігермен келісе отырып, төлем сомасын көбейтуге және мерзімді 2015 жылғы 1 наурызға дейін ұзартуға қосымша келісім жасасады.

Алайда ақпан айында жұмыс соңына жетіп қалғанда МҚК фирмаға келісімді бұзатыны туралы хабарлайды да, кейін ЖШС-ны шарт мерзімін сақтамағаны үшін жосықсыз мердігер деп тануды талап етіп сотқа жүгінеді. Фирма құбырларды толықтай демонтаждаған болатын, алайда тапсырыс берушіден жұмыс жүргізгені үшін төлем алмайды.

«Сотта біздің қолдауымызбен «Алтын Тау-НЧ» ЖШС өз міндеттемелерін адал ниетпен орындағаны, тапсырыс беруші үшін жағымсыз салдар болмағаны дәлелденді. МҚК әрекеті өз кезегінде фирма абыройының түсуіне әкелуі мүмкін еді, және де ол болашақта мемлекеттік сатып алуларға қатыса алмас еді», - деп атады Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасы құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Ренат Давлетпаев.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жұмыс жасағаннан бері бизнесті қорғау желісі бойынша барлығы 179 өтініш келіп түскен, соның ішінде 51, оның арасында ұжымдықтар да бар, оң шешімін тапты. Шамамен 500 млн теңге сомасындағы залалдың алдын алды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер