«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Сапаға берілер жоғары баға

2015 жылғы 24 Маусым
- Қостанай облысы
14596 просмотров

«Алтын Сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларыелімізде шығарылатын өнім сапасына берілер жоғары баға және тиімді жарнама құралы. Өткен жылдар байқауларында жеңімпаз атанған және тағы қатысуға тілек білдірген қостанайлық өндірушілер бұған сенімді.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында оқыту семинары өтіп, онда сарапшы-аудиторлар бизнесмендерге биылғы жылғы байқаулардың қалай және қандай шарттармен өткізілетіні туралы және қатысу өтінімін дұрыс толтыру жолдары мен қажет құжаттарды жинау жолдары жайлы егжей-тегжейлі айтып берді.

Танымал «От Разумовича» таңбасының жартылай фабрикаттарын өндіретін «Аян-Озат» компаниясы түрлі республикалық байқауларда бірнеше мәрте жеңімпаз атанған. Олар «Қазақстанның үздік тауары» біршама маңызды әрі беделді байқау болып табылатынын мойындайды. Фирманың шұжық өнімдері байқаудың өңірлік кезеңінде екі жыл қатарынан үздіктер үштігінен табылған, бұл тұтынушылардың жүрегін жаулай түсуге түрткі болды.

«Біз үшін байқауда жеңіске жету — бұл дұрыс бағытта жылжып бара жатқанымызға, шынымен сапаға талпынып жүргенімізге деген сенімділік. Біздің фирманың слоганы — «Талғаммен өмір сүріңіз» («Живите со вкусом») және жүлделі орын біз үшін сатып алушының талғамына шынымен де сәйкес келуімізге деген өзінше түсіністік болып табылады. Биылғы жылы үздік атану жолында күресетін боламыз», - дейді «Аян-Озат» ЖШС маркетологы Татьяна Осипова.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауына бірнеше мәрте қатысушы әрі жеңімпаз «Диевская» агрофирмасы» ЖШС жайлы айта кету керек. Компания былтыр өңірлік кезеңде екінші, республикалық кезеңде үшінші орын алды. Кәсіпорын өндіретін ұн үздік тұтыну тауары деп танылды.

«Біз орамада жеңімпаздың логотипін жапсырамыз. Бұл тамаша жарнама құралы. Оған сатып алушы сеніммен қарайды. Биылғы жылы Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алуға бақ сынап көреміз. Жеңістен үмітіміз бар»,- деп жоспарларымен бөлісті «Диевская» агрофирмасы» ЖШС өкілі Лидия Головина.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың әрқайсысы сәйкес сертификатқа ие болды. 24 маусымдағы ахуалы бойынша «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауына қатысуға қостанайлық 10 өндіруші компания өтінім берді. Жақын күндері тағы да бірнеше кәсіпкер олардың қатарына қосылмақшы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер