«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнес әліппесінен — шынайы жобаларға

2015 жылғы 25 Тамыз
- Қостанай облысы
12907 просмотров

Қостанай облысының қырықтан астам ісін бастаушы кәсіпкерлері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жобалық оқытудан өтті

Оқытуды Кәсіпкерлер палатасының мамандары әрекет етуші тәлімгер-бизнесмендердің қатысуымен өткізеді.

Жобалық оқыту «Бизнес-Кеңесші» курсының қисынды жалғасы болып табылады және сәйкес сертификаты барлар үшін жүргізіледі. Енді бизнес-тренерлер тыңдаушылардың өңірде сұранысқа ие нақты жобаларды жүзеге асыруына көмектеседі: агроөнеркәсіп кешені, өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету.

«Біздің мамандар тыңдаушыларға қадам-қадамдық тәжірибелік нұсқаулықтар береді. Мәселен, шағын ферма немесе дүкенді қалай ашуға болады, немесе жүк тасу қызметтерін көрсететін фирманы ашу жолдары. Бизнес-жоспар мен маркетингтік стратегиядан бастап, халықаралық тәжірибені ескере отырып қызметкерлерді басқару менеджментімен аяқтайды. Мұндай дағдылар бұрын кәсіпкерліктен алшақ болғандарға, басқа қызмет түрімен айналысқандарға пайдалы. Курстың ыңғайлылығы таңдаушының дайын жоба бастамасын алуында, оны іске асырса болғаны», - деп баса көрсетті Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы бизнесті сервистік қолдау бөлімінің сарапшысы Лейла Ақтаева.

Жобалық оқытудың басты жағымды тұсы тәлімгерлік қағидаттарын қолдану болып табылады. Палата курсқа бейіндік салаларда табысқа жеткен әрекеттегі кәсіпкерлерді тартады. «ТЭРРА» шаруа қожалығының басшысы Владимир Семейкин (фотода) алғашқылардың бірі болып табысының құпиясымен бөлісті. Ол жеміс-көкөніс бизнесінің қыр-сыры мен келешегі жайлы, қазіргі заманғы жағдайда өнімнің бәсекелестік басымдылығына қол жеткізу жайлы әңгіме қылды.

«Палата қостанайлықтарға тартымды бизнес-бағыттар жағынан талдау жұмысын жүргізді. Ең тартымдылары малдың сүтті тұқымдарын өсіру, құс шаруашылығы, көкөніс өсіру болып шықты. Халық сонымен қатар нан-тоқаш өнімдерін өндірумен айналысуды қалайды. Ал ең танымалы — бұл қызмет көрсету саласы: жүк тасымалдау, сауда, техникалық қызмет көрсету және т.б. Тыңдаушыларды осы бағытта оқытамыз», - дейді Лейла Ақтаева.

Кестеге сәйкес, жобалық оқыту 2015 жылғы қазан айының соңына дейін жалғасады және облыстың күллі тыңдармандарын қамтиды. Олар, ережеге сай, «Бизнес-Кеңесші» курсынан өткендігі жайлы сертификатқа ие болғандар. Биыл аталмыш курстан 1000-нан астам адам өткен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер