«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бизнесмендер өздері үшін келешегі бар тауашаларды анықтады

2015 жылғы 01 Қазан
- Қарағанды облысы
12944 просмотров

Инвесторлармен арада болған бірлескен бастамалардың 99%-ы келіссөздер деңгейінде аяқталады

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қытай мен Қазақстан кәсіпкерлері арасында жүргізілген келіссөздердің 99%-ы әдете жобаны жүзеге асырумен аяқталмайды. Бұл бизнес презентациясы мен оған деген көзқарастағы түрлі ұстанымдар себебінен, ақпараттың жетіспеушілігінен орын алып жатады. Осындай нюанстар салдарынан көптеген бірлескен бастамалардың көпшілігі әңгіме деңгейінде қалып қойып жатады. Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы осы кедергіні жоймақшы.

Бұл туралы Қытайдағы Шэньси провинциясының Сиань қаласына қарағандылық бизнес-қоғамдастықтың іскерлік сапарының соңында белгілі болды. Онда екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша 4 келісім жасалған еді.

Сапар кезінде Еуразиялық экономикалық форум аясында бірқатар кездесулер өтті. Сиань қаласы сауда-өнеркәсіп палатасы мен Қарағанды КП арасында келісім жасалды. Аталмыш келісім ынтымақтастық жөніндегі жоспарлар мен ұсыныстарды болжайды. Тараптар құжаттан сезілерлік нәтиже күтеді.

Сөйтіп, келісім аясында екі ел кәсіпкерлері үшін консультация қамтамасыз етіледі. Ол үшін екі ел өңірлері тығыз әректтестік үшін жауап сапар ұйымдастыруға келісті.

Ынтымақтастық туралы келісіммен бірге екі коммерциялық келісімге қол қойылды. Олардың бірі – металды қайта өңдеу жөніндегі жоба бойынша талқылаудың басталуы туралы – қытайлық инвесторлар қарағандылық «Constuction Steel» компаниясына қызығушылық танытуда. Аспан асты елінің бизнесмендері компанияны дамытуға салым жасауға әзір.

Екінші келісім – консалтингтік-делдалдық қызметтер көрсететін бірлескен кәсіпорын құру туралы. Бұл компания ынтымақтасуға мүдделі әлеуетті бизнесмен үшін бағалар, шикізат, алаңдар, бағыттар мен осындай қажет деректер туралы ақпарат беретін болады. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлеріне коммерциялық ұсыныстар жазу бойынша қызметтер көрсетілмекші.

Шэньси провинциясы бизнесі өкілдерінің осы жылдың мамыр айында Қарағанды қаласында болып қайтқанын еске саламыз. Ал Қарағанды облысы делегациясының бұл келуі жауап сипатында болды. Оның құрамына бизнес, өнеркәсіп, даму институты өкілдері кіріп, іскер миссияны Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәдниет Божбанов бастап келді.

Сиань қаласына келгеннен кейінгі алғашқы іс-шара қарағандылықтардың провинция үкіметімен кездесуі болды. Оған шамамен 200 жергілікті бизнесмен қатысты. В2В форматындағы кездесу таныстыру әңгімелері мен екі ел өңірлерінің экономикалық мүмкіндіктерінен тұрды. Қытайлық тарап облыстың шикізаттық әлеуетіне қызығушылық танытты, себебі олар инвестициялық қатысуға мүдделі. Қазақстандағы шетелдік инвесторларға арналған шарттар ерекше қызығушылық тудырды.

КП тарапынан Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерге егжей-тегжейлі түсіндіру мен сипаттамалар берілді. Атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша – өндірістік сектор қызу дамып келе жатқан «Сарыарқа» Арнайы экономикалық аймағында жұмыс жасау кезіндегі артықшылықтар туралы.

Бұдан кейін делегация Ішкі Моңолия автономдық аймағында болып, онда қарағандылық кәсіпкерлер ынтымақтастық келешегін талқылау мүмкіндігіне ие болды. Аталмыш өңір агроөнеркәсіп секторындағы табыстарымен танымал. Ішкі Моңғолия Аспан асты елін ет және сүт өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Мәдениет Божбанов делегация мүшелерін еттен қайта өңделген өнімдер сұрыпталымы таңқалдырғанын атады. «Тоңазытылған, мұздатылған, кептірілген, ерекше дәмді өнімге қайта өңделген етті көрсетті. Өндірушілер үшін тауар орамасы да біршама маңызды. Ол ритейл арқылы өткізу кезінде үлкен роль ойнайды. Олардан үйренеріміз жетіп жатыр. Сол кездесуде дәл осы төңіректе әңгіме қозғадық. Автономия инвесторлары үшін біздің алаңдарымыз қызықты, онда біздің шикізаттан дайын өнім әзірлей алар еді. Біздің де ұсынарымыз баршылық», - деді ӨКП директоры.

Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты да осы сыңайлы  ынтымақтастық ұсынды. Мұндай ҒЗИ әлемде екеу ғана – АҚШ және Қытайда. Институтпен Қазақстанда өкілдік ашу туралы келісім жасалды. Аталмыш бастама тұқым қорын жетілдіру, біршама сапалы өнімді көбірек алу үшін климат жағдайына бейімдеу жағынан өсімдік шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл қалдықсыз өндіріс болады. Мәселен, бидай қайта өңдеудің толық циклынан өтетін болады. Астық тұқымдастардың қалдықтарын малға азық ретінде, сонымен қатар тыңайтқыш есебінде қолдануға болады, ештеңе де босқа қалмайды.

Мәдениет Божбановтың айтуынша, сапар қарағандылық делегация үшін мазмұнды әрі пайдалы болды.

«Бизнесмендер өздері үшін келешегі бар тауашаларды айқындап, бизнес-процестерді шамамен қалыптастыра алды. Қытайлық тараптан мұндай кездесуді қайтадан ұйымдастыруға ұсыныс түсті, бірақ ол кездесу енді нақты іскерлік жобаларды талқылау форматында өтетін болады. Қазір екінші құрамды жасақтауға кірісіп кеттік», - деп атады ӨКП басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер