«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Түсіністік танытады деген үміт бар

2015 жылғы 02 Қазан
- Қостанай облысы
12879 просмотров

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік табыс департаментінің бизнесмендерді БКМ жоқтығы үшін жазаламауын сұрайды

Өткен брифинг барысында ұйым сарапшылары сауда нүктелері иелерінің ортақ пікірін жеткізді.

Соңғы келген деректер бойынша, өңірде қажетті 2500 БКМ орнына 303 аппарат қана орнатылып, тіркелген. Жаңа заң нормасын орындауға белсенділіктің осынша төмендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, бұл машиналардың қажет санының шектеулі болуы немесе мүлдем болмауы. Және де бір фирмаларда жақын арада әкелетініне уәде беріп жатса, басқалары БКМ жиынтығын сим-картасыз сатуда, әрине, бұл кәсіпкерлердің ойынан шықпайды.

Пайдалануда жүрген аппараттарды уәде берілген модернизациялаудың мүмкін еместігі де ерекше себеп болып табылады.

«Бұл процедура жиырма-отыз мың тұрса да, жаңа жабдық сатып алудан әлдеқайда арзан тұрады. Бірақ қазірде техникалық қызмет көрсету орталықтары оны жасамайды, нормативтік актілерге сәйкес өзгертулер енгізілмеген. Дегенмен сәл бұрын мұндай операцияның қолжетімді болатыны айтылып, көптеген бизнесмендер осыған сеніп отырған еді», - деп баса көрсетті брифингте Палата сарапшысы Дәния Аймурзина.

БКМ интернет көмегімен ақшалай операциялар туралы деректерді беретінін ескере отырғанда, кәсіпкерлердің, әсіресе ауылдық жердегі кәсіпкерлердің қызмет операторы – «Қазақтелеком» АҚ-ға қояр сұрағы аз емес.

Сөйтіп, Денисов ауданының кәсіпкері телефон тартуға оң қорытынды алған, алайда оператор дүкенге дейін 700 метр шоғырсымның 200 метріне кететін шығынды ғана өз мойнына алған. Қалған 500 метрді ол өз есебінен тартуға тиіс: ал бұл қосымшы электр бағандарын орнату және т.б. Ал бизнесменді БКМ орнатудан босатуға заңды негіз жоқ. «Қазақтелеком» техникалық мүмкіндік жоқтығы жайлы анықтама бермейді.

«Ұзынкөл ауданындағы телефон нөмірлері 9 және 2 деп басталатын бизнесмендерде БКМ орнатуға болады. Телефон 3 деп басталатын жерде техникалық жағдай жоқ деп саналады. Дей тұрғанмен, бұл дүкендер бір көшеде, жолдың екі жағында орналасқан. Оператор бұл мәселені шешуге уәде береді, бірақ кәсіпкерлер тең емес жағдайда қалып отыр», - деп атады брифингте Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің бастығы Ренат Давлетпаев.

Палата директорының орынбасары Самат Сәдуақасов атағандай, жыл басында өткізушілер төлеген лицензиялық алым бизнесмендер үшін айтарлықтай шығындар алып келді. БКМ сатып алу, интернетті қолданғаны, техникалық қолдау үшін ай сайынғы абоненттік төлем сауда нүктелері арқылы да, жеке сектор арқылы да алкогольді заңсыз сату тәуекеліне әкеледі.

Дегенмен Палата кәсіпкерлердің қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауға, ал мемлекеттік табыс департаментін бақылау-кассалық машиналарды сатып алу және орнату бойынша жағдай жасалғанша уақытында орнатпағаны үшін әкімшілік шара қолданбауға шақырды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер