«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ақтаудағы индустриялық аймақ: жоспарлар өзгереді

2015 жылғы 13 Қазан
- Маңғыстау облысы
15472 просмотров

Жаңа индустриялық аймақты құру аясында 34 жобаны іске асыру жоспарлануда. 3 мың адам жұмысқа тұрғызылады

Аталмыш аймақты халықаралық әуежай аумағында ашу жоспарланып отыр. Онда қазіргі сәтте индустриялық аймақтың қызмет етуіне қажет қандай да бір коммуникациялар жоқ.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы жалпы ауданы 400 000 шаршы метрді құрайтын тұрып қалған 20 кәсіпорынды/базаны зерттеді. Сөйтіп, индустриялық аймақтарға қажет барлық коммуникациялары бар 189 гектар жерді алып жатқан 230 000 шаршы метр ауданды Ақтау пластикалық масса зауыты бос тұрғаны анықталды. Қойма жайлары, резервуарлар, «Маңғышлақ» станциясымен және Ақтау халықаралық теңіз портымен темір жол қатынасы, қуаты 89 мВт 4 электр станциясы, су құбыры, жылу және газ желілері бар.

«Біздің ойымызша, бұл ең оңтайлы нұсқа. Зауыт өнім шығаруды 1999 жылы тоқтатқан. Осыған орай ӨКП «ҚазМұнайГаз- қайта өңдеу және маркетинг» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын Ақтау пластикалық масса зауыты аумағында индустриялық аймақ құру бастамасын көтерді», - деді Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы экономикалық талдау және жергілікті мазмұн бөлімінің бастығы Әскарбек Сүйеуғалиев.

Индустриялық аймақ аумағында битумды қайта өңдеумен, азық-түлік өнімдерін, фармацевтикалық өнімдер, құрылыс материалдарын өндірумен байланысты жобаларды іске асыру болжануда. Жеңіл өнеркәсіп, қара металлургия сияқты салаларды дамыту жоспарланып отыр. Электр жабдықтар, агрохимия өндірісі, қайта жаңғыртылатын энергия көздері, сонымен бірге баламалы энергетика және суды тұщыландыру және басқа да қызметтер салалары жоспарда бар. Жобалар саны 34-ке жетуі мүмкін. 3000 адамға жұмыс орны жасақталады. Алдын ала есептеулер бойынша, индустриялық аймақ қатысушыларынан түсетін салық түсімдері бастапқы кезеңде жылына 300-500 млн теңгені құрайды.

Осыған орай Маңғыстау облысы әкімдігі, «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» АҚ мен Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы Ақтауда индустриялық аймақ құру бойынша үш жақты меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер