«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бүгінгі оқушы – ертеңгі әріптес

2016 жылғы 04 Сәуір
- Қостанай облысы
10896 просмотров

Қостанай облысы кәсіпорындары жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарына қолдау білдіреді

Өндірістік компаниялар алаңдарында өңір оқушыларына арналған экскурсиялар сериясы жалғасын табуда.

Олардың біріне Қарабалық және Алтынсары аудандарының оқушылары қатысты. Болашақ мамандықтарын таңдау бойынша алдын-ала тестілеуден өткен қырық адам «Қостанай диірмен комбинаты» ЖШС, «ДЕП» ЖШС және «Қостанайлық темір-бетон бұйымдары зауытына» («БК-Строй» фирмасының бөлімшесі) барды.

Нысандардың әрқайсысында оқушылар кәсіпорындар тарихымен, еңбек жағдайларымен және алдағы уақытта жұмысқа орналасқан жағдайда берілетін жалақы мөлшерімен танысты. Бұдан бөлек, жоғарғы сынып оқушылары М.Дулатов атындағы инженерлік-экономикалық университетте болып, жұмысшы мамандықтарға оқыту үдерісімен танысты.

«Бұлар жұмысшы мамандықтарына баратындарын нақты айқындаған оқушылар және олар болашақта біздің компаниялар қатарын толықтыратын болады. Сәйкесінше, кәсіпорындар да үлкен қызығушылық танытуда. Кәсіпкерлер палатасымен өзара әрекеттестік аясында олар бұл жұмысқа бел шеше кірісіп кетті, себебі олар бизнестің дамуы кәсіби кадрларға тікелей байланысты екенін түсініп отыр», – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Зарина Көкжанова.

Былтыр өңірде осыған ұқсас екі жүзден аса экскурсия өткен, жуырда мұндай шара Таран ауданы оқушыларына арнап ұйымдастырылмақ. Жалпы алғанда, соңғы екі жыл ішінде бизнестің қолдауымен оқу орындарында кәсіптік бағдарлау кабинеті ашылып, онда оқушыларға облыстағы өндіріс орындары туралы қажетті ақпарат алу мүмкіндігі берілген.

Бұған дейін Палатаның облыс жұмыс берушілері жүргізген сауалнамасына сәйкес 2015-2017 жылдары орта кәсіптік білімі бар 12,5 мың маман қажет болып екені анықталған. Әсіресе тау-кен, өңдеу өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы, құрылыс және қызмет көрсету салаларына мұндай мамандар ауадай қажет екені белгілі болған. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер