«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Аяққа тұсау болған тарифтер

2016 жылғы 05 Сәуір
- Қостанай облысы
10577 просмотров

Жетіқара ауданы кәсіпкерлері монополист кәсіпорынның кесірінен шығынға ұшырауда

Қиындыққа тап болған олар Кәсіпкерлер палатасына қордаланған мәселелердің шешімін табуға атсалысуды сұрай жүгінген

Дауды шешу үшін олар дөңгелек үстел басына жиналып, оған жергілікті атқарушы органдар, прокуратура және табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент өкілдерін шақырды.

Кәсіпкерлер «Жетіқаракоммунэнерго» МКК-ны жылу, суық және ыстық су, пайдаланылған су мен электр энергиясы тарифтерін жүйелі түрде қымбаттатып отыр деп айыптайды. Кәсіпкерлердің пікірінше, бұл тарифтер өңір бойынша ең қымбат және соңғы үш жыл ішінде 100%-ға дерлік өскен. Тарифтер былтыр екі мәрте көтерілсе, соңғы рет биыл қаңтар айында шарықтай түскен.

Олардың осыншама өсуіне не себеп екені кәсіпкерлер үшін жұмбақ, себебі энергия тасымалдаушыларға тағайындалған баға облыстағы коммуналды компаниялардың барлығы үшін бірдей. Кездесу барысында олар кейде қызметкерлердің дөрекілігінен жалпы есеп-қисапты айтпағанда, қарапайым жеке фирмаларға қатысты құжаттардың шығарылған нұсқасын ала алмайтынын айтты.

Бұдан басқа, бизнесмендер заңды және жеке тұлғаларға арналған қолданыстағы тарифтерді дифференциялау жүйесіне наразы. Ол бойынша  жылу энергиясының шығыны үшін да кәсіпкерлер өз қалтасынан төлеуге мәжбүр.

«Бір кәсіпорынның саясаты тұтас аудан бизнесінің тиімділігіне әсерін тигізеді. Нәтижесінде, мысал үшін айтсақ, ұн тарту кәсіпорындары ұнды көршілес елдерге экспорттау кезінде бидайды өңдеу үшін оңтүстік өңірлерге жіберуге мәжбүр, себебі ондағы баға арзан. Жетіқара ауданы шекара түбінде орналасқандықтан, дүкендерге жергілікті тауарларды сатқаннан гөрі, ресей өнімдерін әкеліп сатқан тиімдірек. Себебі, жергілікті өнімдер құны  қымбат тарифтер есебінен жоғары болып отыр», – деп мәлімдеді сөз сөйлеу барысында Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Дәурен Мүңкебаев.

Коммуналды кәсіпорынға қатысты айтылған шағымдар мұнымен біте қоймады. Былтырдан бері МКК бизнесмендерді қосымша келісім-шарттарға отыруға, су тарту жүйесіне зиянды заттар концентрациясының рұқсат берілген деңгейден асырғаны үшін төлем төлеуге мәжбүрлеп отырған көрінеді. Бұл тең емес бәсекенің орын алуына жасалған жағдай болып отыр.

«Шот кәріз құдықтары бар субъектілерге ғана берілген. Мәселен, мейрамхананың өз кәріз құдығы бар, ол төлеуге міндетті. Ал үй ішіндегі кафенің науасы жоқ болғандықтан, өл төлемейді. Бастысы, концентрация нормалары бойынша ешқандай нормативті актілер жоқ, олар анықталмаған, демек  концентрация мөлшерінің асқан-аспағанын МКК өзі шешеді», – деді Дәурен Мүңкебаев. 

Кәсіпорынның жыл сайынғы табысы шығындарды жабуға кетеді дегеннен басқа кәсіпкерлер МКК өкілдерінен мардымды жауап ала алмай дал болды. Олар ендігі жергілікті атқарушы органдардың жоспарына үміт артуда.

«Жылумен қамту ұйымын қаржылық тұрғыда қалпына келтіру жоспары жасалып қойды. Оған сәйкес қолға алынған шаралардан жылына 81,1 млн. теңге үнемделетін болады. Сонымен бірге, ЖСҚ жасап шығару мен 5,6 км-ге созылып жатқан орталық қалалық қазандыққа апаратын жеке газ құбырын салуға 160 млн. теңге бөлу жоспарда тұр. Бұл арқылы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ желілері бойынша газ тасымалдауға кететін 65 млн.теңгеге тең шығынды болдырмауға қол жеткізуге болады. Бұл дегеніңіз жылу энергиясына арналған бекітілген  орташа босату тарифінің 5,5%-ы», – деп мәлімдеді Жетіқара ауданы әкімінің орынбасары Еспол Айсабаев.

Бұған қоса, Кәсіпкерлер палатасында мәлімдегендей, бизнестегі айтылған проблемалардың шешімін табуға барынша күш салынбақ. Прокуратура мен монополияға қарсы ведомство өкілдері де процесске қосылуға ниет білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер