«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жұмыс – өңірлік кеңестің бақылауында

2016 жылғы 06 Мамыр
- Қостанай облысы
9791 просмотров

Жыл басынан бері Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлердің құқы бұзылғандығы туралы жетпістен астам шағым түскен. Тиісті көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 25%-дай артық

Бұл туралы Палата қызметінің нәтижесін және бизнестің өзекті мәселелерін талқылауға арналған Өңірлік кеңес отырысы барысында айтылды.

Директор орынбасары Самат Сәдуақасов кәсіпкерлерден келіп түсетін барлық шағымдардың 25%-ы салық мекемелерінің әрекеті мен оның шешіміне байланысты екендігін хабарлады. Мемлекеттік сатып алу бойынша құқық бұзушылық 15%, монополистік әрекет 12%-ды және жер, сәулет, құрылыс саласындағы заң бұзушылық 11%-ды құрауда.

«Ағымдағы жылда Палата сарапшылары бір күндік және бір сатылы емес 20 сот ісіне қатысты. Өткен жылдың соңына қарай, салық қызметкерлері жетіқаралық жеке кәсіпкерге заңсыз 3 миллион теңге көлемінде айыппұл салмақ болған іс бойынша, Жоғарғы сот процесіне біздің сарапшы барды», – деді Самат Сәдуақасов.

Қаржылық емес қолдау бойынша есеп берген директордың орынбасары Генадий Кукоба жыл басынан бері кәсіпкерлер 500 тегін сервистік қызмет және 4 мың кеңес алғандығын мәлімдеді.

Геннадий Кукоба: «Кәсіпкерлер ірі қалалар мен ауылдағы филиалдарда көрсетілген сервистік көмек пен кеңес беру үздіксіз жүргізіліп отырғандығын айрықша бағалауда. Кәсіпті жүргізу білімі мен дағдылары материалдық емес жетекші мәнге ие болуда. Бұл өз кезегінде өз кәсібіңді бастауда немесе оны кеңейтуде маңызды шешім», – деді.

Сондай-ақ, Өңірлік кеңес сарапшылардың тауарды шығару сертификаты және ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбындағы қозғаған мәселелерін тыңдады.

Өңірлік кеңестің төрағасы Василий Розинов әріптестеріне Палата әлеуетін белсенді пайдалануға кеңес берді, бастысы, жүйелі мәселелерді жеткізе отырып республикалық деңгейге шығудың кәсіби сатысына жедел жету керектігін нығарлады.

Сонымен қатар, өңірлік кеңеске жаңа мүшелер таныстырылды. Оның құрамы «Баян Сұлу» фабрикасының президенті Тимур Садықовпен, «Варваринское» АҚ Бас директоры Александр Симонмен және «Халық банк» бөлімшесінің директоры, облыстағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүльмира Ахметовамен толықты. «Біздің қатарға кірген жаңа мүшелерімізді құттықтай отырып, жемісті қызметтер атқаратынымызға сенеміз», – деді В.Розинов.

Отырыс соңында Астана қаласында өткелі отырған «Атамекен» ҚР ҰКП үшінші съезіне қатысатын делегаттардың есімдері аталды. Василий Розиновтан бөлек, Қостанай облысынан тізімге жеті кәсіпкер енгізілді. Өңірлік кеңес олардың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер