«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Электронды астық қолхатында шалалық көп

2016 жылғы 11 Мамыр
- Қостанай облысы
13063 просмотров

Қостанай ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері электронды астық қолхаттарын енгізуді кейінге қалдыруды сұрайды

Олардың ойынша, бұл жүйе ашықтық және рәсімдерді оңайлатудың орнына нарыққа қатысушыларды қосымша қаржылық шығындарға батырады екен. 

Отырыс барысында Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Қайыр Айсин мәселе көтерді. Ол шаруалар электронды құжат айналымын енгізудің болашағына алаңдаулы екендігін айтады. Егер қазіргі күнде астық қолхатын кез келген уақытта алуға болатын болса, жаңа жүйеде әрбір бірыңғай астық тобына күн сайын қолхат алу қажет болады. Бұлай жасалған қадам элеваторларды жаппай қабылдау жұмысына кедергі келтіреді.

«Сондай-ақ, жүйеде астық қоймасына астықты тиеп жібергеннен кейінгі астық қожайыны мен дайын нанды қабылдау пунктері арасындағы процеске қолхаттың үшкүндік келісімі қарастырылған. Дәл уақытында электронды қолхатқа қол жеткізе алмаса, жарамсыз деп танылып, астық иесі астығын кері қайтаруға мәжбүр болады. Негізінен қолхат астық өңделіп, кептіріліп болғаннан кейін берілу керек қой. Үш күннің ішінде астық өңделіп кептірілмей қалса оның сапасына кім кепіл және оны кім мойнына алады? Сонымен қатар, астық егесі өз үлесін алу үшін қандай құжаттардың негізіне сүйенетіндігі де белгісіз», – дейді  Қайыр Айсин.

Оның сөзінше, бұл жүйені арнайы мамандарды тарта отырып, жетілдіру керек. Кәсіпкерелердің барлық ұсыныстары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының ұстанымын Өңірлік кеңес мүшелері толықтай қолдап отыр.

«Жүйені сөзсіз аяғына дейін жеткізіп, жетілдіру қажет. Түптеп келгенде, болмашы сәтсіздіктер астық нарығын күйретуі мүмкін. Палатаның бұл мәселені дер кезінде басшылыққа жеткізуі өте дұрыс. Біз Өңірлік кеңестің атынан ҰКП-ға және Ауыл шаруашылығы министрлігіне мәселе шешілмейінше шыға беруіміз қажет», – дейді Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Василий Розинов.

Еске, сала кетейік, «ҚР астық нарығы мәселелерін реттеудегі бірқатар құқықтық актілерге қосымшалар мен өзгеріс енгізу туралы» Заңы ағымдағы жылдың сәуірінде бекітілген болатын. Құжатқа сай, электронды астық қолхаты 2016 жылдың 20 шілдесінен бастап күшіне енеді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер