«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Берместің сылтауы көп...

2016 жылғы 27 Мамыр
- Қостанай облысы
6870 просмотров

Шеге шығарумен айналысқысы келген қостанайлық бизнесменді ресейлік фирма миллион теңгеге алдап кеткен

Ол ақшаны Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларымен бірлесіп қайтарып алуына тура келді

Бұл оқиға өткен жылы басталған болатын, сол кезде Заречный кентінің тұрғыны Берік Жиенбаев жеке бизнесін ашпақ болады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 3 миллион теңге несие алып, құрал-жабдық пен темір сымның бірінші партиясын сатып алады. Мақсаты біреу ғана – нарықты жергілікті өндірістің шегелерімен толтыру.

Сәтті басталған іс тың жоспарлармен жалғасты. Алғашқы айларда-ақ құрылыс дүкендері өнімге қызығушылық білдірді. Бірақ, тауар шығару үшін шикізаттың жаңа партиясы қажет болған кезде, деп еске алады кәсіпкер, қазақстандық жеткізуші бағаларды көтеріп жібереді.

«Ал, менің есебім басқа еді, жалпы шамасы 8 тонна сатып алғым келді, сондықтан жаңа серіктестер іздей бастадым. Барнаулдық «ПромЖилТранс» ЖШҚ-на шықтым, олардың бағалары анағұрлым төмен екен. Қазан айында оларға 219 мың рубль аудардым, бұл бүгінгі бағам бойынша миллион теңгеден асады. Сонымен, ...бәрі ізім-қайым жоқ болды», – дейді Берік Жиенбаев.

Уақыт өтіп жатты, тауар жеткізілмеді. Станокты шаң басты, несиені өтеудің кезекті мерзімі жақындады. Бизнесмен «Берместің сылтауы көп» дейтін қағиданың кері келгенін жасырмайды, әсіресе, уақыт өте келе отандық жеткізушінің шикізат бағасын қайтадан түсіргенін ескерсек, бұл кәсіпкерге қиын тигені рас. Бірақ серіктестері сан соқтырып кеткен Берік не істеу керек екенін білмеді.  

«Мен кейіннен түсінгенімдей, маған аффилирленген компаниялар тобымен істес болуға тура келген екен. Олар мені күнде ертеңмен әуре-сарсаңға салды, біресе ана өкілге, біресе басқасына жұмсады. Дөрекілеу айтқанда, мені кәдімгідей лақтырып кетті. Ақыр соңында, мен Кәсіпкерлер палатасына бардым. Мен цехты жаңа ашқан кезде олар консультация беріп, құжаттар жағынан көмектескен болатын. Сол себепті олар қиын жағдайда тастамайды деп ойладым», – дейді бизнесмен.

Палата сарапшылары бұл проблемаға бірден үн қатты. Екі субъектінің арасындағы өзара қатынас – халықаралық жанжал болмаса да, жауапсыз жеткізушілерді қалай болғанда да табу керек. Шешілмеген мәселе Жиенбаевтардың отбасылық бизнесіне ғана қатысты емес еді. Несиенің кепілдігі ретінде Берік үйін қойған болатын, демек, ол жалғыз баспанасынан айрылып қалудың алдында тұрды.

Сонымен, «Атамекен» ҰКП-ның орталық аппаратындағы мамандар арқылы іс-әрекет етуге шешім қабылданды. Онда Алтай өлкесінің ІІМ басқармасына және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік өкілге хат жазылды. Қара ниетті компанияны іздеп табу қиынға соққан жоқ. Бірқатар жедел және құқықтық рәсімдерден кейін борышты басқа фирма сатып алды және есептесе бастады. Бірақ, бірінші транштан кейін-ақ алдыңғы жағдай қайталанды. Төлемақылар тоқтап қалды.

«Кәсіпкер бізге қайтадан шағым берді, біз ҰКП-на жаздық, сөйтіп тағы да  ресейлік полиция мен уәкілдің араласуына тура келді. Ақыры, барлық өтініштер жасалғаннан кейін ғана бизнесмен ақшасын ала бастады. Біз бұл мәселені төлемақы алынғанға дейін бақылаудан шығармадық», – дейді Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әнуар Қожахметов.

Қазір бизнесмен бастаған ісін жалғастыруда және өнімін өткізу үшін жаңа серіктестер іздестіруде. Жергілікті шегелерге қол жеткізу үшін елдер кезекке тұрмаса да, сатып алушылар жетеді. Тауар сапалы, және де бағасы жағынан да арзандау, килограмына 10 теңгеге жуық төмен. Берік Жиенбаевтың бұл оқиғадан сабақ алғаны анық: бизнес дегеніміз – тәуекел. Және де мұнда сақтандыратын тараптардың бар болғаны маңызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер