«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ештен кеш жақсы

2016 жылғы 30 Мамыр
- Қостанай облысы
10694 просмотров

Шілде-тамыз айларында қостанайлық шаруаларға негізгі дақылдарды өсіру үшін әр гектарға шақтап субсидия берілмек

Ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасай отырып, облыстың Кәсіпкерлерлер палатасында болжамды мерзімі хабарланды.

«Қазір басқарма басты дақылдардың тізімін қабылдау мен аудан бойынша субсидияны бөлу туралы қаулы дайындауда. Осы мақсатта аудандар егістік аумағы туралы мәліметтер ұсынуда. Субсидияны дәнді-дақылдар мен май дақылдарын және мал азығы дақылдарын өсіруге бөлу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 2016 жылы 3,4 миллиард теңге қарастырылған», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы АӨК бөлімінің бастығы Қайыр Айсин.

Естеріңізге сала кетсек, гектар сайын субсидия бөлу жүйесінің биыл да жалғасатындығы туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында айтқан еді. Бұрынырақ Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидияның бұл түрін алып тастап, мемлекеттік қолдауды ауылшаруашылық техникалары мен құрал-жабдықтарын сатып алуға жұмсамақшы болған. Шаруалар да бұл бастаманы қолдады.

«Ештен кеш жақсы. Несиелерін төлеп, шаруасын жандандыруды және т.б жоспарлап отырғандардың көбін білемін. Бастысы, «күріш арқасында су ішіп», тұрақты түрдегі көмекті күтіп отырмай, керісінше, жермен көбірек айналысып, жер өңдеу мәдениетін дамыту керек, сонда түсім де жақсы болады. Алайда, қандай жағдайда да, ақша артықтық етпейді, бұл шаруаларға жақсы көмек», – деді «Естаев» шаруа қожалығының басшысы, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Ыбраш Естаев.

Қазірде Қостанай облысында егістік жұмыстары жалғасуда, ол маусым айының бастапқы күндері аяқталуы тиіс. Қазірдің өзінде егістік аумағының 95%-ы игерілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер