«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жақын арада жаңа қызметтер ұсынады

2016 жылғы 23 Маусым
- Қостанай облысы
12274 просмотров

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары бизнесмендерге мемлекеттік-жекеменшік серіктестік турасында кеңестер бермек

Бұл туралы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасын қаржылай емес қолдау бөлімінің қызметкерлері айтып берді

Бөлім басшысы Роберт Юсуповтың айтуынша, бүгінде «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасына өзгерістер енген, қызметтерді көрсету жақын арада басталады деп күтілуде.

«Өзгерістер «Атамекен» Ұлттық палатасының бастамасымен, көрсетілетін қызметтерге деген сұранысты талдау негізінде енген. Нәтижесінде екі жаңа қызмет енетін болды. Олар – МЖС жөніндегі кеңес берулер мен кәсіпкерлер өтініштерін қолдау. Ал екі қызмет, керісінше, алып тасталмақшы. Олар менеджмент мәселелері жөніндегі кеңес берулер мен сапа менеджментін енгізу және толықтай қолдауға байланысты қызметтер», – деп мәлімдеді Роберт Юсупов.

Жыл басынан бері Қызмет көрсету орталықтары мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарында бизнесмендер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға шамамен жеті мыңға жуық кеңес берілген. Төрт жүзден астам тегін сервистік, оның ішінде бухгалтерлік және салықтық есептілікті жасау, заңдық қызметтер (шарттар, жарғылар жасау) ІТ-қызметтер (лицензиялық бағдарламаларды орнату) және т.б.  қызметтер көрсетілген.

Талдау нәтижелері көрсеткендей, тегін кеңес берулер мен сервистерге деген сұраныс ауыл тұрғындары арасында артып келеді. Федоров ауданы Майский ауылының тұрғыны Елена Кулиева – КҚО-ның тұрақты клиенттерінің бірі. Биыл ол жұбайымен бірге, жыл бойы көкөніс өсіріп, сатумен айналысу үшін үй маңынан жылыжай салуды жоспарлап отыр.

«Өмірімізде алғаш рет біз мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, бизнеспен айналысқалы отырмыз. Мұны қалай, қандай жағдайларла жасау керектігін білмейміз. Палатада бізге түгел егжей-тегжейіне дейін түсіндіріп, кеңес берді. Жер мәселесін жалға алу арқылы шешіп беріп, шарт жасауға көмектесті. Биыл салықтық органға есептерді беру керек. Біз сияқты ауыл тұрғындарына көмек беріліп жатыр, оның маңызы зор», – деп айтып берді жеке кәсіпкер. 

Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының төртінші бағыты аясында қаржылай емес қолдау көрсету операторы болып саналады. Тегін кеңес берулер мен сервистік қызметтерді Әл-Фараби даңғ., 166-үй мекенжайы бойынша орналасқан  Қостанай Кәсіпкерлер палатасынан, сонымен бірге облыс аудандары мен моноқалаларындағы Палата филиалдары жанындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарынан алуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер