«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«TasHous» – арзан қонақжай

2016 жылғы 05 Шілде
- Қостанай облысы
9300 просмотров

Қостанай өңірінде алғашқы «TasHous» хостелі жұмыс істей бастады

Осы заманғы шағын қонақжайды жас кәсіпкер Тасболат  Әбілғазин облыстық Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен ашты.

Шағын қонақжай салу идеясын бизнесмен студент кезінен армандаған. Ол қолайлы әрі шағын қонақүйлердің артықшылығын шетелге оқуға барған кезде ұққан. Ұқсас жобаны отанында жүзеге асырғанда осындай жайларға мән берді. Әр нөмірді төрт адам тұра алатындай етіп жабдықтады, Қостанайдың ірі университеттері мен колледждеріне жақын орналасқан қолайлы үй іздеді, таңдады. Жарнама жасамай-ақ алғашқы келушілер жайғаса бастады.

«Сол кезде сәтін салып, емтихан науқаны басталып кетті, аудандардан келген ата-аналар бағасы қымбат емес қонақжай барын естіп, орналасты. Біздің хостеліміздің артықшылығы  – арзан бағамен сапалы қызмет көрсетеді.  Бір төсек-орын тәулігіне 1500 теңге, бұл бағаға таңғы ас, төсек-орын,  фен, үтік кіреді. Тәулік бойғы күзет, тегін вай-фай, жуынып-шайыну орны бар, дәлізде теледидармен қатар бар тұғыры тұр. Бәрі тап-таза, ыңғайлы, стильді. Өзіңе ас дайындап алуға, әңгімелесуге болатын ас бөлмесі де бар», – деп әңгімеледі «TasHous» хостелінің иесі Тасболат Әбілғазин.

Жалпы алғанда қонақжай 24 адамды қабылдай алады. Жалпы номерлермен қатар VIP-бөлмелер де бар, олардың бағасы қымбатырақ.  Қонақүй қолайлы болу үшін ол тоғыз қабатты үйдің төменгі қабатында орналасқан. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жанында жұмыс істейтін Іскер әйелдер кеңесі ақыл айтып, кеңес берді. Кеңес жобаны уақытша тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды шұғыл орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі бюджеттік бағдарламаларға енгізуді ұсынған.

«Бұлар – қайтарымы бар инвестициялар. Кеңес менің жобамды қолдады, алғашқы кезеңде қажетті консультациялар берді.  Жоба  қысқа уақытта өзін-өзі ақтайды деп ойлаймын, Қостанайға келетін қонақ көп.  Көбі емделуге келеді, ал олардың бюджеттік орналасу мәселесі шешілген», – дейді Тасболат  Әбілғазин.

Қостанай облысындағы Кәсіпкерлер палатасы жанында жұмыс істейтін Іскер әйелдер кеңесі, 2015 жылы әйелдер мен жастарды кәсіпкерлікке тарту, олардың кәсіби дамуы мен қызметтік өсуіне мүмкіндіктер жасау  мақсатымен құрылған. Кеңес құрамында бизнеспен шұғылданатын 25 әйел бар. Бірлестікті «Қазақстанның халық банкі» АҚ филиалы директоры Гүлмира Ахметова  басқарады.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер