«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Рудный кәсіпкерлерінің жасару құпиясы

2016 жылғы 19 Тамыз
- Қостанай облысы
10361 просмотров

Қостанай облысындағы емдік-косметикалық балшық өндіруші «Terra Organic» компаниясы «Тұрғындарға арналған үздік тауар» атағынан үміткер және олар қазірдің өзінде шетелдік нарыққа шығуға дайындалып жатыр

Рудный қаласындағы «Дон» ЖШС жаңа өнімі тұтынушылардың көңілінен шығып үлгерген. Мұның себебі балшықтың емдік қасиеттерінің, заманауи өңдеу тәсілдерінің және қолжетімді таңдауының арқасында, дейді жобаға бастамашы болғандар.

Косметикалық балшық жасау идеясы бұдан әлдеқайда бұрын, 2008 жылы туған. Кәсіпкерлердің айтуынша, сол уақытта маркетингтік зерттеулер осындай тауарларға сұраныстың аз екенін көрсеткен. Жыл өте келе жағдай өзгеріп сала берді. Бүгін қазақстандықтар ресейліктермен тең дәрежеде ТМД елдері аумағындағы емдік-косметикалық өнімдердің ең белсенді тұтынушыларына айналды. Бұл жағдай көптен күткен істің ашылуына мұрындық болды.

Жоба жетекшісі Азамат Нұрғазин балшық жасау процесі күрделі еместігін айтады. Өндіріс шикізатын Березовский, Боскөл және Арқалық кен орындары секілді үш түрлі карьерден алады. Тікелей зауытта үгіту, кептіру, мұқият тазалау, бөлшектеп өлшеу жүзеге асырылады. Осылайша, өнім сатуға дайын. Балшықты сатып алу да қиын емес. Кәсіпорын өңірдегі барлық ірі дәріхана желілерімен шарт жасасқан. 

«Қазір біз балшықтың бес түрін өндіреміз. Олар: ақ, қызыл, алқызыл, ашық көк және жасыл. Бұл түстер минерал түрлеріне байланысты болады. Ақ балшық теріні қоректендіріп, оны ағартады. Балшықтың қызыл түрінде алюминий оксиді көп болады, сондықтан ол теріні жасартады және тағы басқа пайдасы мол. Бұған қоса балшықтар ыңғайлы қорапқа оралып, арзан бағаға сатылады. Осылайша, сіз аса пайдалы өнімге ие бола аласыз», – дейді «Дон» ЖШС өкілі Азамат Нұрғазин.

Бүгінгі күні «Дон» компаниясы сауда ауқымын кеңейтуді көздеп отыр. Оның ішінде, отандық тұтынушыны ұмытпастан, Ресей Федерациясына да шығу жоспарында бар. Қазақстандық нарықта өз орнын нығайту үшін фирма «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңіне қатысуды шешкен.

«Байқаудың дәрежесін ескерсек, облыста еш қоспасыз сапалы емдік өнім шығару мүмкін екенін көрсету біз үшін маңызды. Әлбетте, бұл атаққа лайық компаниялардың санының көп болуы жеңіске жету мүмкіндігін алыстатады, бірақ жай ғана қатысудың өзі – үлкен жетістік», – дейді Нұрғазин.

Еске салсақ, биыл үздік атану құқығы үшін байқауға жиырма қостанайлық өндіруші қатысады. Жеңімпаздарды салтанатты құттықтау Конституция күнінде өтпек. Ал Рудный косметикасы жеңімпаздар қатарына ене ме, жоқ па – ол уақыттың еншісінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер