«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Тегін курс, жеңілдігі бар несие...

2016 жылғы 23 Тамыз
- Қостанай облысы
9521 просмотров

Облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар бизнес негіздерін оқуды бастады

Тегін курстарды тыңдауға жеке істерін ашу үшін жеңілдігі бар несиеге үміткер жүз елу адам келіпті.

Қатысушыларды дәстүрлі түрде Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы анықтайды, ал дәрістерді алғаш рет өңірлік Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері оқиды. Осы жылдан бастап, өзгертілген ережелерге сәйкес, «Атамекен» ҰКП «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаржылай емес қолдау операторы қызметін атқарады.

Бес күннің ішінде дәріске қатысушыларға маркетинг негіздері мен қаржылық талдау, болжау әдістері туралы айтылып, бизнес-жоспарлар құруға үйретіледі. Мұның барлығы оларға өздерінің бизнес-жобаларын қорғап, кейін несие алуға көмектеседі. Соның ішінде 6% жылдық мөлшерлемемен үш жылға дейін Ауыл шаруашылығын қолдау қорынан несие алу да қарастырылған. 2016 жылы Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша барлығы 1 млрд 283 млн теңге бөлінген.

«Бизнес-тренерлеріміздің тәжірибелері қатысушылардың материалдарды жылдам әрі айтарлықтай жеңіл меңгеруіне мүмкіндік береді. Курс соңында әрқайсысы сертификат алады, ол несие алуға тілек білдіргенде міндетті түрде талап етіледі», – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.

Мұндай жұмыс Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері мен сарапшылары үшін жаңа дүние емес. 2014 жылдан бері ҰКП «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде қаржылай емес қолдау операторы атанып келеді. Ондағы негізгі міндеттер ісін жаңа бастап жатқандар мен ісін дөңгелетіп үлгерген бизнесмендерге тегін кеңестер беру, сервистік қолдау көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлік істі жүргізудің негіздерін үйрететін «Бизнес-мектептің» де бөліктері енеді. 2016 жылдың басынан бері Палата дәріскерлері 786 адам қатысқан отыздан астам тренинг өткізіп үлгерген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер