«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Сіз өз мүлкіңізді тіркедіңіз бе?

2016 жылғы 25 Тамыз
- Қостанай облысы
10089 просмотров

Сатып алған жылжымайтын мүлкіне меншік құқығын дер кезінде тіркетпеген кәсіпкерлерге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады

Алайда, жаза қолдану әрдайым есепке алынбаған нысандар санына сай бола бермейді.

Бұл туралы бизнесмендерге «Әділет департаменті кеңес береді» науқанының аясында Қостанай облыстық Әділет департаментінің өкілдері айтты. Шара Кәсіпкерлер палатасында өтті. Іскер топтың өкілдері өздерін мазалайтын сұрақтарды ол жаққа алдын-ала жіберіп қойған еді, кейбіреулері қабылдауға өздері келді.

Өзекті мәселелердің бірі мүлікті иелену құқығын тіркеу болды. Департаменттің бөлім басшысы Қадыржан Аймырзаев мәлім еткендей, жыл басынан бері сатып алған нысандарын дер кезінде тіркетпегендіктен, 480 қостанайлыққа айыппұл салынған. Олардың қатарында кәсіпкерлер де бар. Егер жеке тұлғаларға бұл үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылса, заңды тұлғалар үшін ол көрсеткіш екі еселенген.

«Заң бойынша, заңды дерек пайда болған сәттен бастап тіркеуге алыну керек. Мұндай дерек сату-сатып алу немесе сыйлау шарты жасалған сәт болып табылады. Егер азамат алты айдың ішінде мүлікке иелік ету құқығын тіркетпесе, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бірақ мұнда жаңалық та бар. Егер азамат, мәселен, бес немесе он нысанды дер кезінде тіркетпесе, ал кейінірек олардың барлығын бір мезетте тіркеуге берсе, оған айыппұлдың үш есе мөлшері салынады», – дейді Қостанай облысы Әділет департаменті жылжымайтын мүлікке иелік ету құқығын тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қадыржан Аймырзаев.

Департамент өкілдері басқа да бірқатар сұрақтарға, атап айтқанда, кәсіпорын басшысы Қазақстан азаматы болмаған жағдайда, кәсіпорынды тіркеу мәселесі туралы сұрақтарға жауап берді. Мамандар оған қатысты тәртіптің күрделі емес екенін айтты. Алдымен мемлекеттік кірістер басқармасынан ЖСН, электронды кілт алып, соның көмегімен ЖШС-ны тіркеуге болады.

Естеріңізге сала кетсек, Кәсіпкерлер палатасы мен Әділет департаменті 2016 жылы жасалған әріптестік туралы меморандум аясында жұмыстар атқаруда. Құжатта осындай науқандар мен бірлесіп кеңестер беру шараларын өткізу, сондай-ақ бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған жұмыстарды атқару көрсетілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер