«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Бағыңды сына, жас кәсіпкер!

2016 жылғы 07 Қыркүйек
- Қостанай облысы
11684 просмотров

Қостанай облысында «Жас кәсіпкер мектебіне» қабылдау жарияланды

«Жас кәсіпкер мектебі» – «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының құрамдас бөліктерінің бірі. Оны Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы іске асыруда. Мақсаты – жастардың инновациялық әлеуетін ашуға жәрдем беру, білім деңгейін арттыру және белсенді түрде бизнеске тарту.

Мектепке 18 бен 29 жас аралығындағы кез келген адам қабылданады.

Бес күннің ішінде қатысушыларға кәсіпкерлік қызметтің негіздері оқытылып, бизнес-жоспарларды сауатты құрып, қорғау үйретіледі.

Нәтижесінде, қызықты жобалар «Идеялар жәрмеңкесі» байқауында таныстырылады. Ал соның ішіндегі үздіктері кейін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберіндегі мемлекеттік грантты алу үшін Өңірлік үйлестіру кеңесіне жіберіледі.

«Одан бөлек, Палата қатысушыларға өңір үшін басымдыққа ие бизнес-жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды тартуға көмектеседі. Оқу тегін. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының базасында өтеді. Қатысушылар оқу-әдістемелік материалдардың толық пакетін алады, курсты бітірген соң сертификаттарға ие болады», – дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Роберт Юсупов. 

«Жас кәсіпкер мектебіне» қатысу үшін өтінімді облыстық Кәсіпкерлер палатасына, оның қалалық және аудандық бөлімшелеріне беруге болады немесе мына байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады: 8 (7142) 39-42-08 (ішкі 3914).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер