«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кәсіпкерлер көптен күткен көмек

2016 жылғы 09 Қыркүйек
- Жетісу облысы
11040 просмотров

Алматы облысы кәсіпкерлері Ұлттық палатаның аталған жобасы дер кезінде қолға алынды деп санайды

Шағын несие бағдарламасы бойынша облыс әкімдігі және «Атамекен» Ұлттық палатасы шағын бизнес субъектілеріне 600 млн теңге бөлгені белгілі. Алматы облысы аталған бағдарламаны жүзеге асырып келе жатқан бес пилотты өңірлердің бірі. Қазіргі таңда жалпы сомасы 676 млн 985 теңгені құрайтын 139 өтініш келіп түскен. Кәсіпкерлер палатасының Несие комитеті 392 550 теңгенің жобаларын мақұлдаған. 57 кәсіпкер 200 млн теңгеден астам несие алған. Жобаларды іріктеу барысында қызылша өсіруге басымдық берілгенін атап өту керек.

Сонымен бірге, шағын несиеге Жетісудың егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруалары да қол жеткізді. Мәселен, Кербұлақ ауданында бағдарламаға қатысушылардың көпшілігі қарақұмық және арпа егумен шұғылданады.

«Әмір» шаруа қожалығының басшысы Болат Шөженов бағдарламаның шарапатын алғаш көргендердің бірі. Ұлттық палатадан алған шағын несие ол үшін табысты болған.

«Ауылдық жерлерге тиімді талаптары бар несиелер қажет. Ол біз үшін өте қолайлы әрі тиімді болмақ. Мен өз өмірімде бірінші рет ауданда қарақұмық өсіруді қолға алып отырмын. Сондықтан, мен егіннің өнімділігіне әрі қаражатқа алаңдадым. Бірақ, «Өңірдегі бизнес» туралы естігеннен кейін, көп ойланбай өтініш жаздым. Көмек қолы дер кезінде берілді», – дейді кәсіпкер.

Өз несиесін Болат Сағынтайұлы 135 га жерге егілетін көктемгі қарақұмық өнімі үшін алған көрінеді. Несиенің арқасында ол жұмысшылардың жалақысын төлеп, техника мен тыңайтқыш алған. Бүгінде оның шаруа қожалығы егінді жинап алу науқанына дайындалуда. Сарапшылар әр гектардан 22-25 центнер өнім алуға болатынын меңзеуде. Бұл өте жоғары көрсеткіш дейді кәсіпкер.

«Жыл сайын шаруалар көктемде, егін егу уақытында көптеген түйткілді мәселелерді бастан өткеріп жатады.  Себебі тұқым, техника, тыңайтқыштар алуға қомақты қаражат керек. Сол себепті, дәл осы кезеңде кәсіпкерлер ерекше көмекті қажет етеді. Ұлттық палатаның микронесиелеу бағдарламасы біз көптен күткен көмектің бірі деп санаймын. Бағдарлама келер жылы да жұмыс жасайды деп үміттенеміз», – деп атап өтті Болат Шөженов. 

Бағдарламаның басты ерекшелігі кепіл ретінде жер телімі, тұрғын үй құрылысы немесе өзге де мүлікті қоюға болады. Сыйақы мөлшерлемесі жылына 6%-дан, сыйақы мөлшерлемесінің тиімді көлемі 6,7%-дан аспайды. Несие 4 жылдан 6 айға дейінгі мерзімге беріледі. Несиені айға, тоқсанға бөліп немесе жарты жылда бір және жылына бір рет төлеуге болады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер