«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Жоқтан бар жасады

2016 жылғы 20 Қыркүйек
- Қостанай облысы
7750 просмотров

Әулиекөл ауданында бизнесвумен темір вагондарды дүкен мен кондитерлік цехқа айналдырды

Қазан айында бизнес-жоба жергілікті тұрғындарды тәтті нандарымен және қолдан жасалған жартылай дайын өнімдермен қуантады деп күтілуде.

Наталья Болингердің қолынан шыққан нандардың дәмді болатынына әуликөлдіктердің көзі жетіп үлгерген. Соңғы алты жылда кәсіпкер әйел бәліштерді, тәтті нандар мен пірәндіктерді жалға алынған шағын цехта пісіріп, ал тапсырыстардың қалған бөлігін үйінде әзірлеп келген. Осы уақыт аралығында Наталья сүйікті ісін жаңа деңгейге көтеріп, жеке өндіріс орны мен дүкенді бір жерден ашуды армандаған.

Жаңадан ғимарат тұрғызу – қымбат, деп түйген кәсіпкер. Одан да металл вагонды (әдетте темір жолмен жүк тасығанда қолданылатын вагон) сатып алып, өзінде бұрыннан бар вагонмен біріктіру арзандау түседі деген шешімге тоқтаған. Сыртын қаптап, коммуникация жүргізеді. Одан ары қарай жабдықтау аса қиын емес, сосын өзіне-өзі жұмыс істейтін болады.

Ойындағы арманын іске асыруға жұмсалған қаржы бір миллион теңгеден асып кетеді. Қалған қаржыны Наталья «Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» ЖШС-дан несиеге алған.

«Салқындатып тұратын сөрелер, жуғыш, үстел сатып алып қойдым. Енді барлық тапсырыстарды орындап үлгеру үшін үлкен духовка қойғым келеді. Септик жүргізіп қойылған. Қазан айында іске қосып, жұмыс істейміз деп отырмыз. Бірнеше дүкен менің өнімдерімді тұрақты түрде алып тұрады. Тәтті нандардан бөлек, жартылай дайын өнімдер дайындап, тұшпаралар, мәнтілер түйеміз. Елдер сұрап жатады, оларға қызық. Біз бұған дейін сатуға қамыр ғана шығарып келген едік. Барлығын қызымыз екеуміз дайындаймыз. Бастысы қорықпау керек. Егер мақсат айқын болса, оны бағындыру қажет», – дейді Наталья Болингер.

«Атамекен Қостанай» шағын қаржы ұйымы» 2016 жылдың шілде айында «Атамекен» ҰКП, Еуразиялық топ пен Қостанай облысы әкімдігі арасында қол қойылған меморандум аясында құрылған. Қарыз алушыларға 5 жылға, пайызсыз 15 млн теңгеге дейін несиелер беріледі. Жалпы сомадан бір реттік 4 пайыздық алым алынады. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 206,6 млн теңге болатын 61 өтінім мақұлданды. 41 кәсіпкер несие алып үлгерді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер