«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Алтын сапа»: жеңіске үміткерлердің қатары көбейіп келеді

2016 жылғы 14 Қазан
- Қостанай облысы
10854 просмотров

Қостанай облысынан алты кәсіпорын «Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығын алуға өтініш білдірді

Биыл өңірден танымал республикалық байқауға «Евраз Каспиан Сталь» болат арматура шығару зауыты, «Баян Сұлу» кондитер фабрикасы, «АгромашХолдинг» астық жинайтын комбайндар өндіру зауыты, «Аруана –2010» элеватор-диірмен кешені, «Раумэна» нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер компаниясы, сондай-ақ «Сосновый бар» минералды емдік-асханалық су шығаратын зауыт қатысады.

Байқау жеңімпаздары Астана қаласында қарашада анықталады деп күтілуде. Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы бөлімінің басшысы Роберт Юсуповтың айтуынша, өңірлік сарапшылар тобы байқауға бағытталған материалдарды алдын ала тексеріп шығып, сраптамалық қорытынды дайындап, оны республикалық комиссияға жолдады.

«Биыл біздің өңірден шыққан үміткерлердің саны былтырғыдан артық. Былтыр тек үш қостанайлық компания қатысқан болатын. Соған сай, біздің жерлестеріміздің жүлделі орын алу мүмкіндіктері де артты. Биыл олардың мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары деп ойлаймын», – деді Р.Юсупов.

Сонымен қатар Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауының қорытындысы шығарылады. Шара 18-19 қарашада «Көрме» орталығында өтеді деп жоспарланып отыр. Ол жерде Қостанай облысының атынан өңірлік кезеңнің жеңімпазы атанған 9 кәсіпорын қатысады.

«Евраз Каспиан Сталь» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ және «Раумэна» ЖШС-дан басқа, үздік өндіруші атағына «Аква-Арасан» ЖШС (газдалған сусындар), «Жас-қанат 2006» ЖШС (тауық жұмыртқасы), «СарыарқаАвтопром» ЖШС (электромобильдер), «Жарколь 007» ЖШС (зығыр майы), «S.M.F. – System» геосентетикалық материалдар фабрикасы» ЖШС және «Қостанай стройтеплокотл сервис» ЖШС (жылытқыш құралдар) бақ сынайтын болады.

«Алтын сапа» ҚР Президенті сыйлығы жыл сайын байқау негізінде, өнім мен қызмет сапасы саласында жеткен жетістіктері үшін, олардың қауіпсіздігін қамтасыз ету, сондай-ақ сапаны басқарудың тиімділігін арттырудың жоғары әдістерін ұйымдастыруды жүзеге асырғаны үшін беріледі. Сыйлықты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі табыстайды. 2015 жылдан бастап «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын «Атамекен» Ұлттық палатасы ұйымдастырып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер