«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Әділдіктің үстемі қашан да биік

2017 жылғы 07 Наурыз
- Қостанай облысы
6408 просмотров

Қостанайда тазаланбаған қар үшін кәсіпкерге заңсыз айыппұл салынған

Полицияның бұл әрекетіне қарсылық білдіріп, сотта қаулының күшін жоюға өңірдегі Кәсіпкерлер палатасы көмектесті.

Александр Сложеникин басқаратын «Ломбард 555 кредит» ЖШС-на 10-ақпан күні ІІБ қызметкерлері келіп, ғимарат маңында қар тазаланбағанын айтып, Қаланы көріктендіру ережесі бұзылғаны туралы айтқан. Ереженің орындалмағаны үшін кәсіпкерге 68 070 теңге сомасында айыппұл хаттамасын толтырған.

Александр Сложеникиннің құқық тәртібі қызметкерлерінің бұл әрекетіне ашуы келген. Себебі бұл жағдайға дейін де ол аумақты әрдайым тазалап келген. Дәл полиция тексеріп келетіннің алдында, яғни 8-9 ақпан күндері осы өңірде боран болған.  Сол күндері кәсіпкер қала сыртында болып, күн райының қолайсыздығынан облыс орталығына жете алмаған. Ал жеткен бойда бірден қар тазалауға кіріскен. Бірақ ІІб қызметкерлері дес бермеген.

«Мен полициға бардым, прокуратураға да жаздым, бірақ менің дәлеліме құлақ асқан адам болмады. Бірден хаттама толтырмай, аз ғана уақыт беруге болмас па еді? Мен сотқа талап арызын жазуға әрі сотта қолдау көрсетуге көмек алу үшін Кәсіпкерлер палатасына жүгіндім», ­– деп түсіндірді компания басшысы Александр Сложеникин.

Нәтижесінде сот құқық бұзушылық құрамы жоқ болғандықтан айыппұлды жойды. Себебі, ең алдымен, абаттандыру ережесінде аумақты тазалаудың мерзімі нақты көрсетілмеген, екіншіден Палата кәсіпкердің хаттама толтырылған уақытқа дейін қар тазалағанын дәлелдей алды. Осылайша әділдік орын алып, заңсыз айыппұлдың күші жойылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер