«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Сыртқы жарнаманың қандай түрі ақылы болады?

2019 жылғы 17 Сәуір
- Қостанай облысы
5656 просмотров

Дүкендер, ойын-сауық орталықтары және жарнама агенттіктердің иелері қандай жарнама үшін төлем жасайтыны жайында Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Құқықтық қорғау бөлімінің бастығы Ренат Дәулетов айтты

 Естеріңізге салсақ, «Жарнама туралы» Заңға енгізілген өзгертулер  2019 жыл 11 сәуір күні күшіне енді. Осы күннен бастап кәсіпкерлерге қосымша салықтық ауыртпалық қосылды.

 «Мысалы, бұрын маңдайша жазу жарнама болып есептелмейтін. Қазір мазмұнында байланыс нөмірлері, акциялар мен жеңілдіктер туралы ақпарат, жарнамалық ұрандар бар маңдайшаларға салық салынады. Бұл шара сыртқа шығармалы конструкцияларға да қатысты. Ішкі рәсімдеуге ғана  салықтық ауыртпалық жүргізілмейді», – деді Ренат Дәулетов

 Салық сомасы түрлі факторларға: жарнама түрлері, оның мөлшері және көше категориясына байланысты. Ең төменгі мөлшерлеме – 0,5 АЕК, ең жоғары –  100 АЕК.

Бұл өзгерістер, бірінші кезекте қала көшелерінің көркіне деген қамқорлықтан қолға алынған дейді билік өкілдері. Алайда, кәсіпкерлер кейбір жаңашылдықтармен келіспейді. «Издательский Дом» ЖШС видео жазбаларға салынатын салық алаңдатады. Енді LED-экрандарда көрсетілетін әр бейнеролик клиент үшін ғана емес, соныменқатар жарнама агенттігінің өзіне де ақылы болады.

 «Біз жиналыс өткіздік, онда жарнамаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Кәсіпкерлер өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын айтты, оларды «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібердік. Жұмыс тобы құрылды», – деді Ренат Дәулетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер