«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысындағы ауылдық дәріханаларда дәрі-дәрмектің көтерме бағасы қымбаттады

2019 жылғы 10 Шілде
- Қостанай облысы
5849 просмотров

Өңірде дәрі-дәрмектердің көтерме бағасы бөлшек бағамен тең келіп тұр

Мұндай жағдайда бизнесті қалай сақтап қалуға болады? Рецептісіз берілетін препараттардың тізімі кеңейтіле ме? Осы және басқа да сұрақтарды қостанайлық фармокомпаниялардың өкілдері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Иван Клименкоға қойды. Депутатпен кәсіпкерлердің кездесуі Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында ұйымдастырылды.

Қиын жағдайға қалған ауыл-аймақтағы дәріханалардың мәселесін «Фармация-Нео» ЖШС өкілі Нина Чиченкова жеткізді.

 «Дәрі-дәрмектің көтерме бағасы бөлшек бағамен бірдей болған жағдайда қалай күн көруге болады? Дистрибьютор ірі желіге жеңілдік жасай алады, ал шағын ауылдық дәріханаға ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. Бұл жағдай ауылдық жерлерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті екеніне қарамастан орын алған», – деді кәсіпкер.

 Иван Клименко бұл мәселені өзі министрлік деңгейінде көтергенін айтты. Оның пікірінше, мемлекет шекті бағалармен қоса кірме бағаларды да реттеуі қажет.

 «Қыркүйек айында «Халық денсаулығы туралы» ҚР Кодексі Мәжіліс қарауына келеді, біз бұл мәселені Заң деңгейінде қарайтын боламыз. Ауылға ерекше назар аударылады», – деп түсіндірді депутат.

 Препараттарды рецептурамен беруді қатаңдату мәселесі қызу талқыланды. Иван Клименко да бұл мәселеге қатысты өз ойын білдірді.

 «Іргелі мәселе. Ол бастапқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігімен байланысты. Иа, мәселен, нафтизин немесе галазолин адам өміріне аса қауіпсіз препараттар емес, демек оларды бақылаусыз қолдануға болмайды. Бірақ, физерітіндіні рецепсіз бермеу туралы талап таң қалдырады. Демек, небулайзерге физерітінді қажет еткен жас ана рецепт алу үшін емханаға баруға мәжбүр бола ма? Жуық арада рецепсіз берілетін дәрілер тізімі кеңейтілетініне сенімдімін», – деді депутат.

 Тағы бір мүмкін болатын өзгеріс – рецептерге қолжетімділікті арттыру. Қазіргі таңда жедел жәрдем дәрігерлеріне және фельдшерлерге төтенше себептер бойынша рецептер жазуға рұқсат ету мәселесі қараулда.

 Кәсіпкерлер фельшерлердің қызметін цифрландлыру арқылы жеңілдетуді ұсынды. Нина Чиченкова мысалға Англияны келтірді, онда созылмалы ауруы бар науқастар кезекті рецептіні алуға дәрігерге емес, WhatsApp арқылы тапсырыс береді. Дәрігер, өз кезегінде дәріханамен байланысып, клиентке дәріні қай жерден алып кетуге болатынын хабарлайды.

 Мәжіліс депутаты кездесуде көтерілген барлық мәселелерді бақылауға алатынын жеткізді.

 «Атамекенмен» тығыз жұмыс істейміз. Бұл – барлық мәселелерді талқылауға болатын әрі заңнамалық актілерге әсер етуге болатын ашық алаң», – деп қорытындылады Клименко.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер