«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда қозықұйрық өсіру бойынша жалғыз шағын ферма грант алды

2019 жылғы 08 Тамыз
- Қостанай облысы
13347 просмотров

Көп жыл бұрын қостанайлық Сергей Яковлев Қазақстанда қозықұйрықтарды өсіру бойыша шаруашылықты қолға алған  алғашқы шаруалардың бірі болды

Қазіргі таңда кәсіпкер істен кетіп, саңырауқұлақ бизнесін қызына табыстады. Биыл ферма жаңа демеу алды – Елизавета Уәлиахметова жабдықты жаңартуға 3 млн теңге көлемінде грант жеңіп алды.

Саңырауқұлақ фермасының даму жолы қызықты. Алғашқы қиындықтар 2001 жылы кәсіпорынды тіркеуде орын алған. Өйткені Яковлевке дейін Қазақстанда ешкім саңырауқұлақтарды өсірмеген, ешқандай құжаттама, сертификаттау болмады. Осының бәрі іс жүзінде біртіңдеп әзірленді. Яковлев технологияны сынақтар мен қаталіктер әдісімен шындап отырды. Тіпті арнайы жабдық та болмаған – қозықұйрықтарға арнап жылыжай салуға тура келді.

Қостанайлық қозықұйрықтар өз сатып алушысын туған қаласынан және елордадан тез тауып алды. Отандық қозықұйрықтар импорттық өнімге мықты бәсекелес болды.

 «Алғашқы артықшылығы – қозықұйрықтарымыз химиямен өңделмейді. Олар көп сақталмайды, брақ нағыз саңырауқұлаққа тән иіс пен дәмге ие, однай қасиеттер шетелдік саңырауқұлақтарда жоқ. Оның үстіне отандық өнім логистикаға есебінен арзан келеді. Саңырауқұлақтың көлемі мен сыртқы түріне қарай келісін 1200-1500 теңгеге саудалаймыз», – деді  Елизавета Уәлиахметова.

 Бизнес ханым екі кішкентай баласы барына қарамастан әке бизнесінің дамуына білек сыбана кірісті. Елизавета Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгінді. Онда менеджерлер кәсіпкерге бизнес-жоспар құруға көмекесті. Өз жобасын келіншек грант комиссиясы алдында сәтті қорғап, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3 млн теңге көлеміде қайтарымсыз грант жеңіп алды. Қаражат кондиционерлер, жылыту қазандығы және басқа да жабдықты сатып алуға жұмсалады.

 «Қозықұйрықтарды өсіруде бастысы – температура мен ылғалды ұстап тұру керек. Бұл өте кірпияз саңырауқұлақтар. Олар 16-20 температуралық режимде жақсы өседі. Ал оларды жинау тіпті әуре-сарасаңды. Оларды қозықұйрықтың қалпағы ашылмай тұрып жинап алған жөн, өйткені қалпағы ашылып кеткен саңырауқұлақ арзан сатылады. Орта есеппен, саңырауқұлақ 30-35 күн өседі. Жинау жұмыстары бір аптаға созылады. Оны тез істеу керек – осы күндері тәулік бойы жұмыс істеуге тура келеді», – дейді кәсіпкер.

 Сұраныс бүкіл өнімге бар. Шампиньондарды кафелер, дүкендер мен базарлар тез алып кетеді. Қазіргі таңда жылыжайларда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, жуырда онда жаңа жабдық пайда болады. Елизавета Уәлиахметова  отбасылық бизнес дами түсетініне сенімді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер