«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Көп балалы ана үйінде тігін шеберханасын ашты

2019 жылғы 10 Қыркүйек
- Қостанай облысы
8048 просмотров

Гүлсара Жақубаева – Сарыкөл ауданы Тимирязево ауылында жалғыз тігінші

Оның шебер қолдары көрпеден бастап сыртқы киім және карнавалдық костюмдерге дейін тігеді. Жуырда тігіншінің шеберханасында жаңа жабдық пайда болды. Гүлсара Жақубаева оны «Бастау» жобасы және мемелекеттік грант арқылы сатып алды.

Гүлсара Жақубаева жастайынан инемен дос. Барлығын келіншек өзі үйренген. Екінші сыныпта оқып жүргенінде қыз бала шалбарды қысқартып, белдемше тіге алатын. Тігін тігуден Гүлсара ләззат алады. Өсе келе ол тігін машинасын игерген.

 Мектептен соң бойжеткен шаштараз мамандығын оқыды, бірақ сүйікті хоббиін ұмытпады. Тігіншілік әсіресе ана атанғанда кәдеге жарады. Гүлсараның төрт баласы да аналары тіккен киімдермен өсті. Ары қарай тігінші қызметіне көршілер тапсырыс бере бастады. Гүлсара кез келген жұмысты алатын, әр тапсырысты тез әрі сапалы орындайды.

 «Кез келген қиындықтағы жұмысты аламын деп айта аламын. Мектеп оқушыларына жаңа жылдық костюмдер, сахналық костюмдер тігемін... ескі киімді қайта тігу бойынша тапсырыстар көп. Сонымен қоса шығармашылық жұмыс жақсы көремін – көйлек фасондарын ойлап табу, олрдың суретін салуды ұнатамын», – дейді тігінші.

 Соңғы уақытта ескі тігін машинасы істен шыға бастады. Ал жаңасын сатып алуға қаражат болмады. Осы уақытта ауылдастар Гүлсараға «Бастау» жобасына қатысуға кеңес берді.

 «Осылайша «Бастау» курстары туралы естідім. Тігіншілікті бизнес ретінде қарастырмаппын. Бұл қосымша табу көзі еді. Курстарда мен кәсіпкерлік жүргізуде пайдалы ақпарат алдым, бухгалтерлік және заңгерлік білімді игердім. Жаңа клиенттерді таптым. Оқу аяқталған соң 100 АЕК көлемінде мемлекеттік грантқа ие болдым. Осы қаражатқа жабдықты жаңартып алдым. Енді тапсырыстарды көбірек ала аламын», – деді кәсіпкер.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер