«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

«Бастау» түлегі пиццерия ашты

2019 жылғы 19 Желтоқсан
- Қостанай облысы
10152 просмотров

Евгений Ильгов өзінің алғашқы пиццасын сынақтар және қателіктер әдісімен жасап көрді. Пицца өндіретін ірі брендттердің рецептілерін байқап көрді, экспирмент жүргізді, банктерден қарыз алуды көріп, талай рет «күйді»

Нәтижесінде қостанайлық кәсіпкерде барлығы орындалды – дәмі тіл үйірер мінсіз пицца, жолға қойылған бизнесі бар. Бұл Евгенийдің кәсіпкерліктегі бірінші жобасы емес. Кәсіпті ол саудадан бастаған, алайда бұл салаға көңілі қалды. Дүкен табыс әкелді, бірақ моральді қанағат сыйламады.

 «Мамандығым бойынша бағдарламашымын, бірақ өмір мен әуре-сарсаңға салды – жүк жинаушы болып жұмыс істедім, кейін құрылыс дүкенінде еңбектендім. Бизнеске пайда үшін келдім, осы менің басты қателігім болды. Уақыт өте келе сауда – менің бағытым емес екенін тсүіндім. Қолдан бірдеңе жасап, ары қарай дамуды қаладым... осы оймен қоғамдық тамақтану саласын зерттедім, таңдауым пиццаға түсті. Жасап көрдім, салыстыра бастадым, біртіндеп, осы саланы түсіне бастадым. Бұл түбегейлі ойластырылған бизнес болатынына сендім, сондықтан «Бастау» жобасына қатысып пайдалы ақпарат, білім, машық алдым», – деді Евгений.

Алайда, осы кезеңде жобаның іске асырылуы тоқтап қалды. Жобаға қажетті 8 миллион табылмады. Евгений жүгінген банктер несие беруден бас тартты, жақындары мен достарында мұндай сома болған жоқ. Сонда Евгений анасынан мұрагерлікке қалған пәтерді сатпақ болды.

 «Көп адам бұл батыл әрі қорқынышты қадам деп ойлар, өйткені жеке бастаман болмады. Бірақ мен не істеп жатқанымды білдім. Оның үстіне жаңадан велосипед құрастырмадым. Бизнес-жоспар жазғанымда пицца өндіретін әлемдік пиццериялардың тәжірибесіне сүйендім. Әрине, іс жүзінде қиындықтар болды, бірақ барлығы шешілді», – деді Евгений.

 Мәселен, болашақ пиццерияға орынжай табумен қиындық туды. Евгений бүкіл қаланы шарлап, бір орынжайды тапты. Жөндеу жасалған соң жертөле қабаты таза әрі жайлы болып қалды. Жалпы тазалыққа Евгений ұқыппен қарайды. Өзінің пиццаханасында ол арнайы хирургиялық антисептиктарды, жуу құралдарын қолданады.

 «Атауы жайында көп ойландым. Нәтижесінде LERO деген атуға тоқталдық, онда алғашқы екі әріп қызымыз Лераның есімінен, соңғы екі әріп Рома деген аттың әрпі, бұл есім бізге ұнайды. Келесі кезең рецептілерді құру болды. Бұл алхимияға ұқсас қызықты процесс. Гугл-аудармашыны қолға алып, мен әлемдегі атақты пиццеханалардың асханасымен танысып, өзіме лайықты қамырдың рецептісін шығардым. Мұндай қамыр 24 сағат тынады, өте жұмсақ әрі жақсы көтерілді», – деді кәсіпкер.

 

 Ал енді пицца салмасына қатысты да мәселе туындады. Өйткені Қазақстанда қажетті соустар әрі жартылай дайын ет өнімдері де мүлде жоқ. Сондықтан шикізатты сырттан тасымалдау керек болды. 

Бүгін пиццаханада 2 курьер, 3 пиццамейкер жұмыс істейді. Қалған барлық жұмысты кәсіпкер өзі жүргізеді.

 «Кейде барлық мәселелерді шешуге 24 сағат аздық етеді. Есесіне көптеген жұмысты ешкімнің көмегінсіз істей аламын. Мәселен, бухгалтерім жоқ, бірақ мен 910 форманы толтырып, салық органына есеп бере аламын. Сонымен қатар өзіме-өзім маркетологпын. Мен парақшаларды подъезд-подъезге апарып, есікке тағылған жарнама жұмыс істейтініне көзімді жеткіздім. Инстаграмда байқау мен акциялар жүргіземіз. Иә, пиццаны тегін таратқанда кейде табысымыздан шығынымыз көп, бірақ ары қарай оның жемісін көреміз», – деді Евгений.

 Әзірге пиццахана жеткізуге жұмыс істейді, жуық арада тұрақты нүкте ашу жоспарда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер