«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

ҚҚС бойынша 2021 жылдан күшіне енген жеңілдіктер қандай?

2021 жылғы 28 Қаңтар
- Қостанай облысы
10688 просмотров

Кондитерлік фабрикалар ҚҚС төлеуде 70%-дық жеңілдік алды, ал көлік құралдары және ауыл шаруашылығы техникасына құрауыштарды өндірушілер қосымша құн салығын төлеуден толығымен босатылды. 2021 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген салық жеңілдіктері туралы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасында айтылды

 «Осыған дейін машина жасаушыларға импорттық құрауыш құралдарды сатып алуға тура келген, өйткені ҚҚС төлемі қазақстандық өнім негізіне жатып, тауардың қымбаттауына әкелген. Бұл мәселемен кәсіпорындар Кәсіпкерлер палатасына бірнеше рет жүгінді, біз де бұл проблеманы көтердік. Өткен жылдың желтоқсанында шешім қабылданды – Салық кодексіне өзгерістер енгізілді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен өнеркәсіптік жинақтау туралы келісім болған жағдайда көлік құралдары мен ауылшаруашылық техникаларын өндірушілерге қатысты тауарлардың импорты бойынша айналымдар үшін ҚҚС-тан босату қарастырылған. Бұл шара отандық автомобиль және ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде қазақстандық қамту үлесін арттыруға мүмкіндік береді», – деді Қостанай облысы ӨКП сарапшысы Жібек Сейітова.

Бұдан бөлек 1 қаңтардан бастап ҚҚС төлемін 70 пайызға дейін төмендете алатын өндірушілер тізімі кеңейтілді. Қосымша есептеуді келесі кәсіпорындар пайдалана алады:

 мақта-қағаз талшығы, мақта-талшығын дайындау;

ашытқы дайындау;

 агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салық төлеуші ​​келісім жасасқан жағдайда ұзақ мерзімді сақтауға арналған шоколад, қант кондитерлік өнімдерін, печенье мен ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру;

қант қызылшасынан қант өндірісі.

 «Осы салық жеңілдіктері Қостанай облысындағы кәсіпкерлерді де қамтиды, өйткені облыста кондитер өндірушілері көп. Олардың бірегейі – қазақстандық брендке айналған «Баян Сұлу» фабриасы. Бұл инновация бірінші кезекте ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді және өндіріс көлемінің ұлғаюын ынталандырады, сонымен қатар жаңа кәсіпорындардың құрылуына ықпал етеді», – деді Жібек Сейітова.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 10 желтоқсанында мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексі» (Салық кодексі)  Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға және «Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің бюджетке төлемдер туралы кодексін күшіне енуі туралы» Заңға қол қойды. Түзетулер экономиканың бірнеше салаларына қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер