«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда майлы дақылдарды өсірушілер жаңа субсидия алады

2021 жылғы 23 Ақпан
- Қостанай облысы
7472 просмотров

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымы мен сапасын арттыруды субсидиялау ережесіне» өзгерістер енгізіп жатыр.

Өзгерістер майлы дақылдарға субсидия төлеуді қарастырады. Осы мақсатқа 2021 жылы республикалық бюджеттен 250 млн теңге сомасында қаражат бөлу жоспарланған.

 «Субсидиялау кәсіпорынға немесе жеке өңдеу құрылымдарына өңдеуге 1 тонна майлы дақыл тұқымына 100% мөлшерінде қарастырылған. Өзгерістер, бірінші кезекте май өңдеу зауыттарының жүктемесін қамтамасыз етуге, сондай-ақ майлы дақылдардың өндірісімен айналысатын шаруаларды ынталандыруға бағытталған. Субсидиялаудың болжалды нормативі 1 тонна тұқымға 16 мың теңгені құрайды», – деп түсіндірді Қостанай облысы ӨКП АӨК бөлімінің бастысы Қайыр Айсин.

 Бұдан бөлек, күнбағыс, рапс және зығыр өсіретін шауралар «Ауыл шаруашылғы келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардты сатып алуына қатысуға өтінім бере алады. Осы бағдарлама шеңберінде «Тобыл» ӘКК» АҚ кепілдігіне жылдық 1  пайызбен несие беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер