«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысының 420 тұрғыны «Еңбек» бағдарламасы арқылы жаңа мамандыққа оқып шығады

2021 жылғы 25 Наурыз
- Қостанай облысы
7052 просмотров

Қазіргі кезде оқу парталарына 268 жұмыссыз азамат отырды, үш айдан кейін олар білікті аспаз, слесарь немесе сылақшы болып шығады.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға оқып жатыр, демек жұмысқа тұру қиынға соқпайды

 «Биыл өңірімізде қысқа мерзімді курстармен жоспар бойынша 420 адам қамтылады. Олар сабаққа кезең-кезеңді кіріседі. Тыңдаушыларды «Атамекен» ҚР ҰКП Тізіліміне енген оқу орталықтары, колледждер оқытады. Мемлекет оқу орталықтарына әр тыңдаушы үшін 46 115 теңге төлейді. Егер оқу практикасы олардың жеке базасында өтсе, онда өтеу сомасы да жоғары болады», – деді Қостанай облысы ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Талғат Саламатов.

Оқыту жұмысқа орналасуға кепілдік беретін жұмыс берушілердің сұранысы бойынша, сондай-ақ ең сұранысқа ие мамандықтар тізімінде көзделген жұмыс біліктіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 «Біз аспасздарды оқытамыз. Бұл біздің «Еңбек» бағдарламасына қатысып жатқан алғашқы тәжірибеміз. Топ оқуға наурыз айында кірісті: 17 қыз-келіншек пен 1 ер адам. Практиканы олар «Турист» қонақ үйінде өтеді. Біздің міндетіміз маман дайындап қана қоймай, сондай-ақ оларды еңбекпен қамту. Сондықтан мен әлеуетті жұмыс берушілермен қазірден бастап келіссөздер жүргізіп жатырмын», – деді «Карьера» оқу орталығының директоры Динара Аюпова.

Еске салсақ, мемлекеттік бағдарламаға жұмыссыздар, NEET санатындағы жастар, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке жарамды мүгедектер, қысқарып қалған жұмыскерлер қатыса алады.

 Қысқа мерзімді, кәсіби оқудың ұзақтығы біліктілік және дағдылар ерекшелігіне қарай алты айдан аспайды.

 Қысқа мерзімді оқу арқылы мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар шәкіртақы, жол құны, жатақханада тұру және медициналық тексеруден өтуді қамтитын  мемлекеттік қолдауға ие болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер