«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық кәсіпкерлер локдаунға балама жол ұсынды

2021 жылғы 19 Шілде
- Қостанай облысы
7410 просмотров

Елдегі эпидемиологиялық жағдай күн сайын нашарлап келеді.

Барлығы карантиндік шараларды одан әрі қатаңдатуға бағытталуда, бұл туралы Үкімет тарапынан алдын-ала ескертілген де. Алайда кәсіпкерлердің пікірінше,  барлық кәсіпкер Ashyq жобасымен жұмыс істесе, локдаунды алдын алуға болады деп санайды. Бұл туралы Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында қоғамдық тамақтану нысандарының иелері мен санэпидқызмет қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиында айтылды.

«Қазіргі кезде Қостанай облысы «қызыл» аймақта. Осыған байланысты соңғы аптада  Ashyq жобасына 800 кәсіпорын қосылды. Алайда ВАК жиынында қоғамдық тамақтану нысандары келушілер тіркеуін орындамайды – келішлерді тіркемейді, немесе мониторинг топ келмеу үшін келушілердің аз санын ғана тіркейтіні айтылды.  Қазір Үкіметте локдаун енгізу мәселесі көтерліп жатыр. «Атамекен» өз тарапынан Ashyq бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін ҚР Бас санитар дәрігердің 26-шы қаулысында жазылған жеңілдіктердің сақталуын талап етеді. Бұл кәсіпкерлерге қалыс қалуға және шығынданбауға мүмкіндік береді. Алайда, қазіргі мәселе кәсіпкерлердің жоба талаптарын сақтамауына байланысты», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Кукоба.

 Жоба талаптарын бұзған қатысушыларды жобадан 2 аптаға шығарады, бұзушылық қайталанса нысан 2 айға дейін жобадан шеттетіледі. ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Роберт Юсуповтың айтуынша, бүгінгі күні жобадан 70-ке жуық қостанайлық кәсіпорын уақытша шығарылды, соның ішінде 8 нысан – 2 айға шығарылды. Жалпы алғанда, тәртіп бұзудың пайызы аз, бірақ адал кәсіпкерлер заң бұзушылар олардың беделіне нұқсан келтіреді деп санайды.

 «Біз өңірде әлі жоба жұмысын түсінбеген кезде Ashyq-ты алғашқылар болып енгіздік. Бізге қиындау болды, түсінік қалыптаспады, наразылық көп еді. Бірақ біз жұмысты жалғастыра бердік, өйткені кәсіп тұрып қалды. Ashyq – жұмыс істеудің жалғыз жолы.  Кезекті локдаунға төтеп бере алмаймыз, өйткені аяққа тұрмадық, еңсемізді тіктемедік. «Атамекен» мен Қоғамдық тамақтану қауымдастығы нысандар жұмыс істеуі үшін күресті. Мен жекелеген заң бұзушылар үшін бәріміз зардап шегуіміз керек дегенде наразымын. Мен әріптестерімді адал жұмыс істеуге шақырамын. Егер жұмыс уақыты 20 сағатқа дейін шектелсе, кәсіпті жабуға тура келеді», – деді кәсіпкер Наталья Тычина.

Жиынға жоба аутсайдерлер де қатысты.  

 «Ashyq жобасына қосылғанда біз бәрін дұрыс орындадық. Бірақ қонақтар келгенде жобаны түсінбей кері қайтып жатты. Әлі де талап қойғанымызды түсінбейтін адамдар бар, олар бізді бейнежазбаға түсіріп, құқықтарымыз тапталды деп айтады. Бірақ, бізді персоналымыз құртты. Қоғамдық тамақтануда адам саны тапшы екені белгілі. Келушілерді тіркеп отыратын бір адамды қоя алмаймыз. Нәтижесінде жоба талаптары сақталмады да бізді базадан шығарып тастады. Қазір біз кемшіліктерді түзеп, реттеліп жатырмыз. Қиын, бірақ бәрін орындауға тырысамыз», – деді «Моя узбечка» шайхана өкілі Ильмира Карибжанова.

Тәртіп бұзушылармен жұмыс жүргізіледі. Шектеулер туралы түпкілікті шешімді коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб қабылдайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер