«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Кәсіпкерлер мониторинг топ әрекетінің заңдылығын тексере алады

2021 жылғы 26 Шілде
- Қостанай облысы
8638 просмотров

Енді кәсіпкер нысанға тексерумен келген мониторинг топтан тексеру актісін талап етіп, QR-код көмегімен мониторинг топ infokazakhstan.kz сайтында тіркелгенін тексере алады. Егер топ тіркелмеген болса – тексеру заңсыз жүргізілуде, демек кәсіпкер тексерушілерді нысанға кіргізбеуге толық құқылы.

 «Мониторинг топтар тексеріліп жатқан нысан, рейд жүргізу мерзімі, тексеруге негіздеме туралы мәліметтерді көрсете отырып, тексеруді тіркеуі тиіс. Содан кейін мониторингтің электронды актісі рәсімделеді, онда генерацияланған QR-код болады. Тексеру аяқталған соң 24 сағат ішінде тексерушілер тексеру нәтижелері туралы ақпаратты енгізуі керек. Мониторинг топтардың рейдтерін міндетті түрде тіркеу туралы шешімді тексерушілер тарапынан заңсыз әрекеттерге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия 1 шілдеде қабылдады», – деп хабарлады Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Ренат Дәулетпаев.

 Еске салсақ, былтыр Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасына келіп түскен өтінімдердің 20%-ы  мониторинг топтардың әрекетіне байланысты болған. Бизнесмендер тексерулердің ретсіз жүргізілуіне шағымданды – топтар кейбір нысандарға бірнеше рет келіп, ешбір құжат көрсетпестен тексеру жүргізген.

 Тексерушілердің өкілдігіне қатысты жиі даулы мәселелер болды. Кәсіпкерлер палатасының мамандары мониторинг топтар бұзушылықтарды тек бес санитарлық талап бойынша ғана тіркей алатынын еске салады:

 -жұмыс режимі;

-отбасылық, еске алу іс-шаралары (той, банкет, мерейтой, ас) және көпшілік жиналатын басқа да іс-шараларды шектеу талаптары;

- әлеуметтік арақашықтық;

 -маска режимі;

-келушілер санын лимиттен асыру.

 Мониторинг топтары қолғап, кіреберістегі дезинфекциялық кілемше және тоннельдердің барын тексермейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер