«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайлық қолөнер шеберлері халықаралық нарыққа шығады

2021 жылғы 02 Тамыз
- Қостанай облысы
8772 просмотров

Мұндай мүмкіндікке шеберлер Born Nomad қазақ-америкалық байқауы арқылы ие болды.

Қостанай облысын байқауда 35 шебер таныстырады. Қазіргі кезде олар онлайн оқуға қатысып жатыр, кейін олар Қазақстанның басқа өңірлеріндегі шеберлермен: «дәстүр және мәдениет», «инновациялар», «шебер әйел», «жас таланттар»,  «3D-дегі қолөнер» және «шағырмашылық коллаборация» аталымдары бойынша сайысқа түседі. Байқау нәтижесіне қарамастан барлық қатысушы халықаралық сауда алаңдарына шығып, хоббиді толыққанды бизнеске айналдыру мүмкіндігіне ие болады.

 «Born Nomad – АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі мен «Атамекен» ҚР ҰКП-ның бірлескен жобасы. Байқау қазақ елінің мұрасын жандандыру және насихаттауға, сондай-ақ Қазақстанның дәстүрлі қолөнері мен халық өнерінің қазіргі заманғы интерпретациясын ынталандыруға бағытталған. Жоба демеушілері – Chevron және ExxonMobil компаниялары. Жеңімпаздарды АҚШ пен Қазақстанның сарапшылары таңдайды», – деп хабарлады Қостанай облысы ӨКП сарапшысы Сания Иментаева.

Қатысушылар арасында Қостанай облысынан былғары, тоқыма, киіз, ағаш және металлмен жұмыс істейтін қолөнер шеберлері бар. Олардың көпшілігі үшін жобаға қатысу – өзіңді танытудың және клиенттерді табудың бірден бір мүмкіндігі.

 «Негізінен бізде майдагерлік өндіріс – шеберлер үйде жұмыс істейді, бұл туралы туыстары мен жақындары ғана біледі. Born Nomad жобасында бізге өнімді сатуды, бәсекеге қабілетті болуды үйретеді. Бұл өте құнды. Қазір мен французға да, испанға да, жапонға да, қырғызға да ұнайтын, көңілінен шығатын не өндірсем екен деп ойлана бастадым. Бізді халықаралық нарыққа, Wildberries және Amazon алаңдарына шығуға бағдарлап жатыр. Бастапқыда байқауға басқа оймен келген мен, қазір басқа идеяларды пысықтап жатырмын. Мен басқа қатысушымен бірге «Шығармашылық коллабарация» аталымында бақ сынаймын. Мен автор, ол – орындаушы», – дейді Qoloner Қостанай қолөнершілер қоғамдық қорының жетекшісі Сәуле Қабидулова.

 Жеңімпаздардың аты қыркүйекте өтетін ауқымды фестивальда жарияланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер