«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында Ashyq жобасына базарлар қосылды

2021 жылғы 05 Тамыз
- Қостанай облысы
9990 просмотров

Қостанайдағы «Дархан» базары және Рудныйдағы «Бақ-Бақ» базары келушілерді енді Ashyq қосымшасымен ғана кіргізеді. Базарлардың жекелеген жалға аулшылары да QR-кодтарды алып жатыр. Бұл туралы Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов хабарлады.

 «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігердің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 қаулысына сәйкес шектеулер енгізілген жағдайда жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігі бар жобаның толыққанды қатысушыларының тізімі едәуір кеңейтілді. Балалар сауықтыру орталықтары, сұлулық салондары, шаштараз және маникюр мен педикюр салондары, сондай-ақ білім беру нысандарымен қатар «Атамекен» ҰКП бастамасымен жобаға сауда ойын-сауық орталықтары да қосылды. Өңір «жасыл» немесе «сары» аймақта болса бұл нысандар шектеусіз жұмыс істей алады. «Қызыл» аймақта оларға демалыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін, «қою қызыл» аймақта сағат 7:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеу рұқсат», – деп түсіндірді Мұрат Әбенов.

 Жобаға жақын арада «Нариман» және «Нижняя оптовка» базарлары қосылады. Облыстық орталық және қалалардағы базарлар «Ashyq лидерлері» статусын алу үшін 2 аптада 25 000 мыңнан тіркеу жинау керек, басқа нысандарда 2 аптада 10 000 тіркеу жүргізсе лидерлікті ала алады.

 Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq лидерлері» келесі жеңілдіктерді қарастырады:

  1. «қызыл» аймақтағы қатысушылар «сары» аймақ шарттары бойынша жұмыс істейді;
  2. «сары» аймақтағы қатысушылар «жасыл» аймақ шарттары бойынша жұмыс істейді:
  3. «жасыл» және «қою қызыл» аймақтағы қатысушылар үшін жұмыс кестесі 2 сағатқа ұзартылып, келушілер толымдығы 10 пайызға артады;
  4. тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, ұжымның 90%-ы вакцинаның бірінші компонентін салдырса нысанның толымдығы 20 пайызға артады.

 Қостанай облысында барлығы 3000-нан астам мекеме мен ұйым жобаға қатысуға өтінім берді. 2261 толыққанды қатысушы ретінде жұмыс істесе, 588-і сынақ режимінде, тағы 118 кәсіпорын өтінімді ресімдеу кезеңінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер