«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында Ashyq карантин талабын бұзған 1,1 мыңға жуық адамды анықтады

2021 жылғы 17 Тамыз
- Қостанай облысы
8451 просмотров

Ashyq қосымшасының көмегімен карантин талабын бұзған азаматтар әлі де анықталып жатыр. 10 маусымнан бастап Қостанай облысындағы қоғамдық орындарға «қызыл» статуспен 629 адам, «сары» статуспен 454 адам кіруге талпынған. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлер палатасынң директоры Мұрат Әбенов хабарлады. 

 «Біз бизнес өкілдерін талаптарды бұзған азаматтарды анықтауға жауаппен қарап, олар туралы санитариялық-эпидемиологиялық органдарға уақытылы хабарлауды сұраймыз. Осындай шаралар арқылы ғана біз облыс тұрғындарын COVID-19 инфекциясынан қорғай аламыз. Ashyq қосымшасының көмегімен Қостанай облысындағы қоғамдық орындарға «қызыл» және «сары» стасуспен 1 мыңнан астам адамның кіруіне жол берілмеді. Бұл көрсеткіш жобаның тиімділігін көрсетеді. Сондай-ақ, бизнес назарын кәсіпорындарда вакциналау науқанын жүргізу қажеттігіне аударғымыз келеді, өйткені қазіргі таңда вакциналау - індетке төтеп берудің жалғыз тиімді жолы», – деп түсіндірді Мұрат Әбенов. 

 Еске салайық, «қызыл» статус келушінің ПТР-тестілеуі вирусқа оң нәтижелі екенін білдіреді, оған бизнес нысандарына кіруге тыйым салынған. «Сары» статус келуші науқас адаммен байланыста болғанын білдіреді, оған қоғамдық орындарға кіруге болмайды. «Жасыл» статус азаматтың жүріп-тұруын шектемейді, мұндай статус азаматтың вакцина салдырғанын немесе коронавирусқа ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсеткенін білдіреді. «Көк» түс коронавирусқа ПТР-тестілеу міндетті түрде сұралатын ұйымдардан басқа, қоғамдық орынға кіруге шектеу жоғын білдіреді.  
Бүгінде Қостанай облысында Ashyq жобасына 4 158 кәсіпорын қосылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер