«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысының 160-қа жуық мектебінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні оқытылады

2021 жылғы 06 Қыркүйек
- Қостанай облысы
6992 просмотров

Кәсіпкерлік негіздерін өңірдегі 28 колледжде де оқытады. Студенттер мен жоғары сынып оқушыларына жоғары білікті оқытушылар сабақ өтеді. Олар Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасында біліктілігін арттырды.

 «Оқу шілде-тамыз аралығында үш лекте өтті. Биыл 81 оқытушыға сертификаттар берілді. Қазан айында мұғалімдердің тағы бір легін оқыту жоспарланған. Оқуға қатысам деушілер Білім беру басқармасы немесе Кәсіпкерлер палатасына өтінім беруі керек. Сертификат 5 жыл бойы «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін оқытуға құқық береді», – деді Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Алтын Халитова.

 Оқу орындарында пән факультатив жаттығу ретінде ұсынылады. Алайда биыл мектеп жаңартылған мазмұнда жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын таңдаса, «Жаһандық құзыреттіліктер» курсы аясында «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» міндетті пән болады. Бір оқу жылына 34 сағат (аптасына 1 сағаттан) бөлінген.  

Еске салайық,  «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» курсы еліміздегі мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында 2019 жылдан бастап оқытылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер