«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмысын күшейтті

2021 жылғы 07 Қыркүйек
- Қостанай облысы
8380 просмотров

Қостанай облысының прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін мобильді топтың жаңа өкілеттіктері пайда болды. Бұл туралы Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев мәлімдеді.

 «4 қыркүйекте «Прокуратура туралы» заңға түзетулер күшіне енді. Оларға сәйкес прокурорларға жаңа құзірет беріледі. Енді қадағалау органы кәсіпкерлердің мемлекеттік органдар қызметіне шағымдануы бойынша тексеру жүргізуге, ақпарат сұратуға, сондай-ақ заңсыз қойылған шектеу және тыйым салу сипатындағы шаралар: шоттарды бұғаттау, қызметті тоқтата тұру және т.б. шараларды жедел жоюға құқылы. Осының барлығы бизнесті қорғауды жаңа деңгейге шығаруға және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтардың жұмысын күшейтуге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Данияр Күзенбаев.

 Егер мемлекеттік орган тарапынан заңсыз әрекет жасалса, мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: 8-705-401-89-10, 8-775-829-95-79, 8-775-265-55-51, 8-7142-54-55-15, 8-705-153-91-07 8-777-580-03-99 8-7142-394-208.

Еске салайық, биыл Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасына бизнестен 319 шағым түскен, оның 123-і мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің әрекетіне қатысты. 54 өтініш оң шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер