«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында «Бастау Бизнес» жобасының түлегі әлеуметтік кафе ашады

2021 жылғы 13 Қыркүйек
- Қостанай облысы
8538 просмотров

Сарыкөл ауылының тұрғыны Нұржан Бағыткереев  19 жасынан бастап қайырымдылықпен айналысады. Жанашыр ауыл тұрғындарымен бірге кәсіпкер сырқат балалардың еміне қаражат, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік, киім жинайды. Көмекке мұқтаж адамдарды барынша көбірек қамту мақсатында Нұржан Бақыткереев әлеуметтік кафе ашты. Онда белгіленген күндері тегін тамақтануға болады.

 Осы идеямен Нұржан «Бастау Бизнес» жобасына қатысты. Идеяны табысты стартапқа айналдыруға Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының білікті бизнес-тренері Гүлсін Абдуллина көмектесті. Жоба мемлекеттік қолдауына ілініп, кәсіпкер кәсіп бастауға грант алды.

 «Грантпен бөлінген 583 400 теңгеге ас үйге арналған жабдық сатып алдым. Персонал мәселесі шешілді – өзбек асханасының қыр-сырын меңгерген аспазды таптым. Енді үй-жайды ретке келтіру ғана қалды. Жөндеу жұмыстарына демеуші қаражат беремін деп уәде берді. Бізде игі іске жанашырлық танытып, көмек беруге дайын азаматтар көп», – деді Нұржан Бағыткереев.

 Жас кәсіпкер өтімділік пен қайырымыдылық арасында теңгерімді ұстап тұру бойынша қиын мәселені шешуге тырысты. Екіншісінің жетістігі біріншісіне байланысты.

 «Әлеуметтік кафе қалыпты режимде және әлеуметтік асхана режимінде жұмыс істейді. Мұқтаж жандар тегін тамақтана алатын күндер белгіленеді. Табыстың бір бөлігін қайырымдылыққа беремін. Қазір біз көпшіліктің күшімен 3-4 отбасыны ай сайын азық-түлікпен қамтып отырмыз. Кафеден табыс түскен кезде басқа да отбасыларға көмектесеміз. Бізге баласы сырқат ата-аналар келіп, қымбат ота жасау үшін қаражат сұрайды. Мұндай жағдайда қаражат көбірек жиналса, өмір сақтауға мүмкіндік көбірек болады», – дейді жас кәсіпкер.

 Нұржан Бағыткереевті барлық бастамасына жұбайы және Сарыкөл мешітінің жамағаты қолдау көрсетіп жатыр. Мешіт базасында қиын жағдайға тап болған адамдар үшін қаражат жинау жүріп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер