«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы қызметтер тізімін кеңейтті

2021 жылғы 05 Қазан
- Қостанай облысы
8128 просмотров

Енді қостанайлық бизнесмендер мемлекеттік органдар мен монополистердің консультацияларын бір орыннан ала алады.

Мұндай мүмкіндікті Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ұсынады. Онда осы аптадан бастап «Қостанай Су» МКК, «КТЭК» МКК, «СТК-forfait» ЖШС, ХҚКО, жер қатынастары бөлімі, Қостанай әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі және басқа да мекемелердің қызметкерлеріне сұрақтар қоюға болады.

 «Бұған дейін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында заң, салық салу, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мәселелері бойынша кеңес берілді. Консультациялар тізбесі «бизнеске арналған үкімет» жобасы шеңберінде кеңейтілді. Монополистер, мысалы, коммуникацияларға қосылуға техникалық шарттар алу мәселелерін қарайтын болады. ХҚКО маманы кәсіпкерге ЭСҚ, несие тарихын, түрлі анықтамаларды алуға, ЖК қызметін тіркеуге көмектеседі», – деп түсіндірді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Айгүл Есентемір.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін мамандар жұмысының кестесі құрылған. Мәселен, «Қостанай Су» МКК менеджерлері дүйсенбі күндері, сағат 9-дан 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал ХҚКО қызеткерлері дүйсенбі-сенбі аралығында 9-дан 13:00-ге дейін кеңес береді. Толық кесте төменде.

Еске салайық, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 116, 1-қабат мекенжайы бойынша орналасқан.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер