«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Вагон тапшылығы мәселесін шешу

2022 жылғы 21 Қараша
- Қостанай облысы
7913 просмотров

Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы темір жолдардағы вагондардың тапшылығы мен тоқтап қалу проблемасын шешу үшін сындарлы диалог жүргізуде. Бұл мәселе Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі шеңберінде талқыланды.

Мәселені бірнеше рет шешілген еді, бүгінгі күні ӨКП мемлекеттік органдармен бірлесіп «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «БП Қостанай бөлімшесі» филиалының жұмысын жақсартуға қол жеткізді. Алайда кәсіпкерлердің жедел шешімді талап ететін сұрақтары қалды.

«Станцияның бас паркі инфрақұрылымының қазіргі жағдайы құрамды қалыптастыру және тарату бойынша операцияларды уақтылы орындауға мүмкіндік бермеді, бұл жолдардың кептелуіне, бос және тиелген вагондардың ұзақ тұруына әкелді, - деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының АӨК бөлімінің бастығы Геннадий Кукоба. - Кәсіпкерлер палатасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің араласуынан кейін тексеру жүргізілді, нәтижесінде жұмысты жақсарту бойынша бірқатар пәрменді шаралар қабылданды, Орталық және Солтүстік парктердің бұрын әрекетсіз жолдары жөнделді, қосымша 5 локомотив жіберілді. Вагон паркінің қозғалысының ашықтығы және проблемаларды жедел шешу үшін штаб құрылды, сонымен қатар бірнеше WhatsApp топтары пайда болды. Станция жұмысы айтарлықтай жақсарды, бірақ «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығының – «БП Қостанай бөлімшесі» басшылығының қыркүйек айындағы кеңесте берілген тәртіпті қалпына келтіру жөніндегі уәделері орындалмады. Вагондарды жіберу және жинау бойынша кідірістер жалғасуда»​​​​​​​.

Сандар да осыны көрсетіп отыр. 14 қыркүйекте «Қостанай» станциясында 150 вагон жолда 3 тәуліктен астам тоқтап тұрды. 10 000 вагон «Сарыағаш» станциясында қозғалыссыз күйде. 170 пойыз жол бойындағы станцияларда уақытша тоқтатылды. Бұл ретте ҚТЖ басшылығы проблемаларды кезекті шектеулермен шешуге тырысады. Мәселен, 14 қарашадан 20 қарашаға дейін «Сарыағаш» станциясында жүктерді қабылдауға тыйым салу туралы бұйрық шықты. Жүк жөнелтушілердің наразылығынан кейін ол жойылды, бірақ жағдай қиын болып қала береді. Себебі астық пен ұнның шамамен 80 пайызы Орта Азияға экспортталады. Вагондардың жетіспеушілігі өткізу нарығының жоғалуына әкеледі, астық пен ұнның құнына әсер етеді, фермерлер жиналған өнім үшін пайда таппайды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «БП Қостанай бөлімшесі» өкілдері «Сарыағаш» бағыты бойынша шектеу туралы шешімді орталық аппараттың басшылығы қабылдағанын түсіндірді. Мұның себебі астық пен ұнды жөнелтудің күрт өсуі болды. Өзбекстандық темір жолдар сонша вагон қабылдай алмайды, олардың түсірілуін және қайтарылуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да Қазақстан аумағында да, Өзбекстан аумағында да жолдарда тауардың іркілуі орын алуда.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» «МК Қостанай бөлімшесі» ЖШС филиалы директорының бірінші орынбасары Юрий Кемин туындаған барлық проблемалар жедел тәртіпте шешіліп жатқанына, ол үшін штаб құрылғанына сендірді.

Жүк жөнелтушілердің өздері де бұл мәселелердің барлығы жергілікті филиалға емес, тұтастай алғанда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-не қатысты екенін атап өтті, өйткені бұзылыстар теміржолдың көптеген учаскелерінде, соның ішінде басқа өңірлерде де орын алуда.

«​​​​​​​Біз бизнес субъектілерінің осы саладағы қажеттіліктерінің артқанын көріп отырмыз, - деп түйіндеді Қостанай облысы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Владимир Шакун. Мәселе циклдік, ақпан айында бәсеңдеу болады, бірақ содан кейін біз тағы да жаңа егіннің басталуымен сол жағдайға тап боламыз. Мәселе қарапайым емес, екіұшты және жергілікті деңгейде жабылмайды, біз осы бағытта одан әрі жұмыс істейміз»​​​​​​​.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев бұл мәселе Палатаның тұрақты назарында екенін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер