«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысында 192 әйел өз бизнесін ашуға мүмкіндік алды

2022 жылғы 27 Желтоқсан
- Қостанай облысы
6718 просмотров

Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы базасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының ашылуы өткен жылдың маңызды оқиғаларының біріне айналды.

Орталықта қаржылық емес қызметтердің тізбесі, атап айтқанда кеңес беру, оқыту, тәлімгерлік сүйемелдеу, әйелдер бизнесінің ағымдағы жай-күйін бағалау ұсынылады.

Бір жыл ішінде ӘКДО-на 500-ден астам әйел  жүгінді. Жалпы саннан 192 адам тігін өндірісі, киім дизайны, ментальды арифметика бойынша оқыту, СММ ілгерілету, кооперация, салық және бухгалтерлік есеп, бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілері және т.б. сияқты бағыттар бойынша оқудан өтті.

Өткізілген оқыту бастаушы бизнесті бастауға, қолданыстағы бизнесті дамытуға, әйелдерді жұмысқа орналастыруға, қаржылық сауаттылықты арттыруға және жеке өсуге ықпал етті.

Олар бейіндік дағдыларды жетілдіру бойынша түрлі шеберлік сабақтарына, жеке өсу бойынша онлайн және офлайн тренингтерге, жәрмеңкелер мен көрмелерге, іскер әйелдердің форумдары мен конгрестеріне қатысты, бұл ой-өріс және жеке қасиеттерін кеңеюне ықпал етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер