«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Субсидия: оң және теріс тұстары

2023 жылғы 06 Ақпан
- Қостанай облысы
9654 просмотров

АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс аптасында Қостанай облысының шаруалары цифрлық платформаның жұмысы туралы өз пікірлерін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, цифрлық платформа құру бастамасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі.

Алтынсарин ауданының "Айдала" ЖШС басшысы Лариса Стороженко атап өткендей, кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының қолдауымен кәсіпорын инвестициялық субсидия алуға 3 өтінім берді.

  • Фермерлер цифрлық платформамен жұмыс істеу кезінде кездесетін қиындықтарды да атап өтті. Олар келесідей:
  • лизингке сатып алынған техника бойынша инвестициялық субсидияларға өтінім берудің техникалық мүмкіндігі жоқ. Бұл өтінімдер "ілулі күйде";
  • өтінімді қалыптастыру кезінде электрондық шот-фактуралар жүйесінен деректер әрдайым жүктелмейді;
  • барлық АШТӨ-де өтінімде ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетілмейді;
  • Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының 26-тармағының 9-тармағы сәйкес өтінімге "негізгі капиталға инвестициялар туралы есеп" стат есебінің көшірмесін қоса ұсыну қажет. Алайда, осы есепті тапсыру міндеттемесі тек заңды тұлғаларда туындайды. Шаруа және фермер қожалықтары бұл есепті тапсырмайды, ал жүйе оны барлық АШТӨ өтінімге жүктеуге міндетті етіп бағдарламаланған;
  • берілген өтінімдерді қайтарып алу мүмкіндігі жоқ.

Фермерлердің айтуынша, егер жалпы жеке кабинет туралы сөз болса, онда "Далалардың электрондық картасы" бөлімінде жер учаскелері дұрыс көрсетілмейді, оларға тек "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ мамандары ғана өзгерістер енгізе алады, ал оларда бүкіл республикаға тек 6 адам жұмыс істейді, алқаптарды түзетуге  2 апта бұрын өтінім берген кейбір шаруашылықтар бойынша бүгін де жауап жоқ.

Бұл мәселелерді Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында талқылау жоспарлануда.


Алтынсарин ауданындағы Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Ксения Зверева 2023 жылдың қаңтар айынан бастап АШТӨ-нің барлығына ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының мамандарымен жеке оқыту семинарлары түрінде консультациялық көмек те, практикалық көмек те көрсетілетінін атап өтті. Ауданда ауданның 50-ге жуық АШТӨ 400 млн.теңге сомасына субсидия алды.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев өңір шаруаларынан келіп түскен барлық ұсыныстар бейінді министрлікке жеткізілетінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер