«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы: ТЖ режимінде бизнеске арналған консультациялар

2024 жылғы 08 Сәуір
- Қостанай облысы
6717 просмотров

Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы Қостанай облысындағы су тасқыны кезінде қандай да бір жолмен зардап шеккен бизнеске 742 кеңес берді.

Қазіргі уақытта "Апельсин"сауда орталығында зардап шеккен бизнесті бақылау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Барлығымен байланыс орнатылып, келтірілген залалды бағалау бойынша алдын-ала жұмыс басталды, ол сауда орталығына қол жетімділік пайда болған кезде аяқталады.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаевтың айтуынша, "Апельсин" сауда орталығында 42 бизнес нысаны тіркелген. Жалға берушілер бізге ТЖ жағдайында бизнестің іс-қимыл алгоритмі бойынша кеңес алу үшін жүгінді. Дәл осындай жұмыс "можито" демалыс базасында жүргізілуде.

Данияр Күзенбаев сондай-ақ облыстың оңтүстік өңірлерінде зардап шеккен 32 кәсіпкермен жұмыс жүріп жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілдері апат аймақтарына 10 тоннадан астам гуманитарлық жүк жіберген болатын. Көмек көрсету жедел форматта жалғасуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер