«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Ауыл шаруашылығы субъектілерінің өтініштерін қарау шарттары аталды

2024 жылғы 10 Сәуір
- Қостанай облысы
6310 просмотров

Қостанай облысының зардап шеккен бизнесімен кездесуде "Атамекен" ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов ауыл шаруашылығы субъектілерінің өтініштерін қарауға жеке тоқталды. Оның айтуынша, бұл сала басымдықтың ең жоғары деңгейіне ие. Кәсіпкерлерге Аграрлық кредиттік корпорация мен "ҚазАгроФинанс" АҚ алдындағы берешекті өтеу бойынша кейінге қалдыру беріледі.

2024 жылғы кестелер бойынша барлық төлемдер 2025 жылдан бастап біркелкі төлемдермен қаржыландыру мерзімінің соңына дейін кейінгі төлемдерге бөлінеді. 2024-2025 жылдары қарыздың аяқталу мерзімі бар жобаларға қарыз алушының қызмет бағытына байланысты 24 айдан аспайтын мерзімге ұзарту берілетін болады.

Ұзарту көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қоспағанда, барлық бағыттар бойынша өтеді. Зардап шеккен қарыз алушылардың кредиттері бойынша су тасқыны салдарының ықпалына байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді, - деп атап өтті Райымбек Әнуарұлы.


Сондай-ақ, бизнеспен кездесуде "Атамекен" ҰКП Төралқасының Төрағасы Аграрлық несие корпорациясы мен "ҚазАгроФинанс" АҚ өтінімдерін жеделдетіп қарау мақсатында құжаттардың ең аз саны негізінде өтінімдерді қараудың оңайлатылған процесі бекітілгенін атап өтті.

Зардап шеккендер тізіміне енгізілген Аграрлық кредиттік корпорация мен "ҚазАгроФинанс" АҚ қарыз алушылары болып табылатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес субъектілері төлемді кейінге қалдыру үшін мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
- қарызды ұзарту/қайта құрылымдау туралы өтініш;
- өтініш беруші су тасқыны салдарынан зардап шеккен ЖАО тізімінде көрсетілуі тиіс.
   

Өтініш беруші Аграрлық кредиттік корпорация мен "ҚазАгроФинанс" АҚ тізімдерінде болмаған жағдайда, қарыз алушы форс-мажорлық мән-жайдың туындағанын растайтын аудандық деңгейден төмен емес жергілікті атқарушы органдардан құжат ұсынуға тиіс.
Шешім жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес қабылданатын болады. Өтініштер қажетті құжаттар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралатын болады.
     

Жоғарыда көрсетілген шарттар мен тәртіп Аграрлық кредиттік корпорация мен "ҚазАгроФинанс" АҚ алдында мерзімі 90 күннен артық өткен берешегі бар қарыз алушыларға 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша  қолданылмайды, алайда мұндай қарыз алушыларды қолдау мақсатында тұрақсыздық айыбын есептеу 2024 жылғы 1 сәуірден 30 маусымға дейін тоқтатылады.
     

Сондай-ақ, шарттар "жеке маңызы бар қарыздар" жіктемесіне жататын қарыз алушыларға қолданылмайды (негізгі борыш қалдығы қаржы институтының меншікті капиталының 0,2 пайызына тең, атап айтқанда Аграрлық кредиттік корпорация бойынша – 863 миллион теңге, "ҚазАгроФинанс" АҚ бойынша – 370 миллион теңге). Мұндай қарыздар жеке тәртіппен қаралатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер