«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанайда ЭТД басшылығы тұрақты негізде бизнесті қабылдауды жүргізеді

2024 жылғы 19 Сәуір
- Қостанай облысы
5124 просмотров

Қостанайда өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Экономикалық тергеу департаментінің басшылығы тұрақты негізде шағын және орта бизнес өкілдері үшін жеке мәселелер бойынша қабылдау жүргізеді.

Кәсіпкерлер Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Асқар Әбеновке және Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаевқа өз қызметінің түрлі аспектілері бойынша жүгінді.

Мысалы, кірпіш пен плиткаларды өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын жергілікті тауар өндірушінің өкілі өндірісті кеңейту үшін олар саз өндіруге лицензия алғанын айтты. Содан кейін лицензия негізінде өндіруді жоспарлаған жер учаскесін алуға өтініш берілді. Алайда, жер комиссиясында талқылау барысында жер учаскесін беру туралы пікірлер екіге бөлінді. Нәтижесінде кәсіпорынға бұл құқықтан бас тартылды.

Бұл мәселені егжей-тегжейлі зерделеу құрамына ЭТД басшылығы кіретін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес барысында жоспарланған.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев кәсіпкерлер палатасының алаңында жергілікті кәсіпкерлердің ЭТД басшылығымен осындай кездесулері тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті. Бұл форматты 20 кәсіпкер пайдаланып үлгерді.

Бизнес осы алаңда Экономикалық тергеу департаментінің басшылығы тарапынан құқықтар туралы егжей-тегжейлі түсініктемелер мен білікті кеңестер алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер