«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесті қорғау

FAQ

Қостанай кәсіпкерлер палатасында базарларды модернизациялау мәселесі талқыланды

2024 жылғы 17 Мамыр
- Қостанай облысы
6505 просмотров

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Сауда мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысы шеңберінде базарларды жаңғырту мәселелері талқыланды. Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев қатысты. Ведомство өкілі қатысушыларға базарларды жаңғырту 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін аяқталатынын, бұл ретте модернизациялау мерзімдері бұдан былай кейінге қалдырылмайтынын еске салды.

 Қабылданған шаралардың ең басты міндеті – тұтынушылар үшін де, саудагерлер үшін де қолайлы жағдай жасау. Ең алдымен заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету. Кеңес барысында шенеунік бірқатар сауда нысанына барудан алған әсерін бөлісіп, базарларды жаңа талаптарға сай келуге дайындық дәрежесі бойынша шағымдар бар екенін атап өтті .

Жиынға қатысушылар өз кезегінде бірқатар сауда объектін жаңғырту стационарлық объектілерді салу және тиісті инфрақұрылымды жүргізу үшін рұқсат құжаттарын алу кезінде кедергілерге байланысты өте күрделі проблемалармен ұштасатынына назар аударды. Өңірлік кеңестің мүшесі Валентина Шмонина еліміздің кез келген қаласында бар өнеркәсіптік объектілердің қызметімен туындайтын ұқсас проблемаларды шешу тәжірибесін пайдалануға болатынын атап өтті.

 Ернұр Жәутікбаев жиынды қорытындылап, жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарды базарларды жаңа талаптарға сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды тезірек аяқтау үшін базар иелеріне барынша жәрдем көрсетуге шақырды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер